ҚазҰУ колледжінің студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізді

"Адам және қоғам" үкіметтік емес ұйымы " қоғамдық бірлестігі 2022 жылғы 12 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, Phd докторант, дінтанушы Берікбаев Ерлан Ғалымжанұлы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы мәдениеттанушы Әйтенова Альфия Аманжолқызы сөз сөйледі.
Тыңдаушыларды деструктивті діни ағымдардың белгілерімен, экстремистік идеяларды тарату әдістерімен таныстырды, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы айтты.
Сарапшылар халықтың жалпы мәдениеті мен білімін көтерудің, оның ішінде құқықтық сананы, отбасы мен қоғамдағы толерантты дәстүрлерді бекітудің кәсіби бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шара тиісті деңгейде өтті, тыңдаушылар риза болды.


Басылым күні :  28.11.2022