
Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор м.а.
Сағиева Римма Қалымбекқызы
|
Құрметті достар, Экономика және бизнес жоғары мектебіне қош келдіңіздер!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі – бұл:
- 1949 жылы ашылып, 1963 жылы Алма-ата халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын;
- жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен түлеп ұшатын 500-дан астам бакалавр, магистр және Ph.D. докторлары;
- 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты мен 10 Ph.D. докторын қоса алғанда кәсіби біліктілігі өте жоғары профессорлық-оқытушылық құрам;
- университеттің дәстүрлі болмысы мен оқытудың заманауи әдістерінің үйлесім табуы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы Экономика институтымен тығыз байланыста жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми мектептердің сабақтастығына студенттерді белсенді қатыстыру;
- еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген отандық ғалымдар, беделді мемлекеттік қызметкерлер, табысты кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, атақты спортшылардың қара шаңырағы;
- қызықты іс-шараларға толы, мәнді әрі мағыналы студенттік өмір мен қолайлы кампус;
- тұрақты түрде жүзеге асырылатын халықаралық жобалар мен шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігі.
|
|