Жаңалықтар

Назарда Елбасы жолдауы

05.10.2010

5 қазанда Алматы қаласындағы ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы Оспанов Бақыт Сағындықұлы және Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келіп, университеттегі халықаралық қатынастар факультетінде оқып жатқан студенттермен кездесті. Бұл кездесудің мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылауды негізге алған.

Өз баяндамасында Бақыт Сағындықұлы аталмыш құжат негізінде жүзеге асқан тапсырмалар мен іс-шараларға тоқталып өтті. “Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оныңсалдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ” деп баяндамасын бастаған Алматы қаласындағы ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің басшысы биылғы жолдаудың ерекшелігі – еліміздің алдағы он жылдығының даму стратегиясын айқындап беруінде дейді. “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеуҚазақстанның жаңа мүмкіндіктері” тақырыбын арқау еткен бұл жолғы жолдау сонымен қатар экономикалық өрлеуге бастау болғандығын тілге тиек етті.

Ары қарай оқу >>

Мамандану жәрмеңкесі өтті

05.10.2010

Қазан айының 2-сі күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттеріне арналған «Мамандану жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкенің көздеген мақсаты университет табалдырығын енді аттаған студенттерге өздері тереңірек оқып, зерттейтін болашақ қызметтеріне орай халықаралық қатынастар мен байланыстар саласына қатысты бағыттарды анықтауға көмектесу. Келешек дипломаттар осы халықаралық қатынастар факультетінен түлеп ұшатыны белгілі. Сондықтан мамандану пәндері ретінде студенттерге АҚШ, Қытай, Франция, Германия, Латын Америкасы елдері, Орталық Азия аймағы ұсынылды. Ал «Дипломатиялық және консульдық қызмет» жеке мамандану пәні ретінде қарастырылған. Мерекелік шараға Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың ресми өкілдері, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының бас кеңесшісі М.Т. Лаумулин, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет ардагері Қ.И. Исағалиев, халықаралық қатынастар факультетінің деканы профессор К.Н.Шакиров, тарих ғылымдарының докторлары мен профессорлары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Іле Алатауындағы Құмбел (3200 м) шыңы бағындырылды

05.10.2010

Студенттер альпиниадалар дәстүрін еске салып және Дүниежүзілік Туристер күніне өз жорығын арнап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары 26 қыркүйек күні Құмбел шыңына шықты (биіктігі теңіз деңгейінен 3200 м жоғары). Аталған шараны туризм кафедрасы ұйымдастырып, Германияның Қазақстандағы Жылына арнады. Шыңның төбесіне жүзден астам тәжірибелі альпинистер және тау туристерімен қатар тауда алғашқы қадамын басқан география факультетінің студенттері шықты. Олардың ішінде нағыз ұйымшылдық, өжеттілік, табандылық және қайсарлық бірінші курс студенттерінен көрінді. Таң атпай ұйқысын үзіп ерте тұрғанын атап айту артық болмас (аялдамада таңғы сағат жетіде жиналдық). Жолымыз «Просвещенец» демалыс үйінен (1450 м) басталды. Осыдан жоғары қарай өрлеп Көкжайлауға (2200 м) жеттік. Осында ҚазҰУ альпинизм секциясы ұйымдастырған уақытша тұрақта сәл демалып, шай ішіп алып, шыңға қарай ұмтылдық. Қатысушылардың бағына қарай, ауа райы шұрайлы, күн ашық юолды, ал шыңға апаратын жалдан етегінде Алматы жатқан Іле Алатауының көркем панорамасы көз алдымызда жайылды. Ілгері басқан алғашқы топ сағат 14 00 шыңға шықты. Әдеттегідей сүретке түсіп, дәм татып сағат 15-00 төмен қарай аттандық. Тауға шығатындар біледі: таудан төмен қарай түсу бұл да өте қиын жұмыс – спортшылар шаршайды, оларға биіктік әсер етеді. Бірақ қатысушылар ерлік көрсетіп, өзара жәрдемдесіп жорықты сәтті аяқтады. Сағат 19-00 барлығы Алматы-Медеу жолына келіп түсті. Ұйымдастырушылар жорықтың сәтті аяқталуын растады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық on-line PETROBILIMTM байқауы

02.10.2010

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Мансап секторы KAZENERGY» және Human Capital Lead компаниялардың қолдауымен қазан айының 5-6 жұлдызында Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайында KAZENERGY 5-ші Еуразиялық Форум шеңберінде PETROBILIM™ халықаралық on-line байқауын өткізеді. PETROBILIM™ – мұнай саласындағы білімді тәжірибеде қолдану байқауы екі күнге:

- мемлекеттер мен қалаларды,

- жоо мен өнеркәсіптерді,

- студенттер мен жас мамандарды,

- телекоммуникациялық компанияларды,

- мемлекеттік ұйымдар мен жеке компанияларды біріктіреді .

Симуляциялық ойындармен үлгілеуші әдістер арқылы топтар мұнайдың қаражаттық қорға айналуын көрсету керек. Байқауға Қазақстан, Норвегия, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің 14 қаласынан жоғарғы мектеп өкілдерінен құралған 125 команда қатысады.

Ары қарай оқу >>

Болашаққа интеллектуалды серпілісті ЖОО қамтамасыз ету керек

02.10.2010

1 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Болашаққа интеллектуалдық серпіліс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш конференцияны «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңес, ҚР Мәдениет министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың Алматы Конфедерациясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Бұл халықаралық ғылыми жиынның мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына орай 2009 жылдың 13 қазанында оқылған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты актілік дәрісінде қозғалған Ұлт басшысы бастамасы аясында, Қазақстандағы зиялы ұлтты қалыптастыру концептуалды мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференцияға «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, з.ғ.д., профессор Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Әбенов Мұрат Абдуламитұлы және ҚазҰУ-дың эаң факультеті мен журналистика факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы, қазақстандық ЖОО ғалымдарымен қатар ресейлік ғалымдар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен халықаралық ұйым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. Мәскеуден келген қатысушылар қатарында Л.С.Выготский атындағы Психология институтының психология тарихы мен теориясы кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Кудрявцев Владимир Товиевич, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің социология факультетіндегі социология тарихы мен теориясы кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Оразалиева Гүлшат Күлімжанқызы, тағы басқалар бар.

Конференция модераторы «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Мәжитұлы:

- «Интелектуалдылық қалыпты дамытпайынша, болашаққа серпіліс жасау мүмкін емес. Осы орайда жаңа технологиялардың шешімін «жаңа адам» табу керек деген ұғым бар. Ал «жаңа адам» дегеніміз болашаққа серпінмен қарайтын көкжиегі кең, салауатты өмір салтын берік ұстанатын және адамгершілік ұстанымы қалыптасқан белсенді адам», - деп атап өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Ауғанстан студенттері білім алады

01.10.2010

27 қыркүйекте Алматы әуежайынан ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қазақстандық ЖОО-дан білім алуға келген ауғанстандық студенттердің бірінші тобын қарсы алды. Жақын арадағы 5 жыл ішінде бір мың ауған азаматын қазақстандық жоғары оқу орындарында мамандандыруға орай, 2009 жылдың қараша айында қол қойылған екі жақты үкіметаралық меморандум негізінде Ауғанстан студенттері Қазақстанға келіп отыр.

Қазақстанда оқуға жиыны 158 ауған студенті келді, олардың арасында 77 студент әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алатын болады. Олар университеттегі барлық қажеттіліктермен қамтылған шетелдік азаматтарға арналған жатақханаға орналастырылды. Оларға мемлекеттік грант және шәкіртақы беріледі.

ҚазҰУ-да студенттерді Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева, Халықаралық ынтымақтастық департаментіндегі халықаралық әріптестік бөлімінің басшысы Қайрат Жүніс және шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультетінің деканы Жазира Молдағалиева күтіп алды. Шетелдік студенттермен қатар ҚазҰУ-ға Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Ағыбай Смағұлов келді.

Ары қарай оқу >>

Жастар салауатты өмір салтын қалайды!

01.10.2010

30 қыркүйек күні «Алматы-темекі түтінінен азат қала» атты қалалық бағдарлама шеңберінде «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар шеруі өтті. Оған барлық жастар ұйымдары қатысты. Басқа да жастарға үлгі болатын мұндай әлеуметтік жобалардың басынан ҚазҰУ жастары ұйымдастырушылардың бірі ретінде табылды. Аталған шерудің басты мақсаты жастарды денсаулыққа зиянды іс-әрекеттерден аулақ болуға шақыру.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Мысль» журналының 90 жылдық мерейтойын атап өтті

01.10.2010

Осыған орай 30 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үрдіс: Қазақстанның қоғамдық-саяси баспасөзінің қалыптасуы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталмыш шараны ұйымдастыруға ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі, «Қазақ газеттері» ЖШС және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атсалысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Экологияның қазіргі кездегі мәселелері және қоғамның тұрақты дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

30.09.2010

30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология факультеті мен Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бірлесуімен БҰҰ-ның шешімі бойынша Халықаралық биоәртүрлілік жылына арналған экожүйе тақырыбында дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да республикалық ардагерлер кеңесінің басшылары бас қосты

30.09.2010

23 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде республикалық ҰОС ардагерлері мен еңбек ардагерлер кеңесінің жиыны өтті. Бас қосудың басты мақсаты – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, жас ұрпақтың жүрегінде қоныс тапқан патриоттық рухты асқақтату.

Қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасында тұңғыш ардагерлер қозғалысына жол ашқан Ұлы Отан соғысының батыры, «Халық Қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетов, ҰОС қатысушылары Сұлтан Жиенбаев, Шәңгерей Жәнібеков, «ҚР Ардагерлер ұйымы» АҚ Орталық кеңесінің төрағасы генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов, республиканың барлық облыстарындағы ардагерлер кеңесінің басшылары және т.б. қонақтар болды.

Ардагерлер кеңесінде тарихты қайта қарап, мұрағатты тағы тексеріп, ғылыми еңбек дайындалса, есімі аталмаған, елге танылмаған соғыс ардагелерін келер ұрпақ есінен кетпес үшін, оларға мұра етіп 1-2 томдық болса да еңбек жазып қалдыру керек деген ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Зәуреш Аманжолова сөз кезегі келгенде, өз пікірін айтып, алғысын білдірді.

Ары қарай оқу >>