Жаңалықтар

ҚазҰУ «известиялықтарды» 10 жылдық мерейтойымен құттықтады

15.10.2010

Бұл күні қазақстандық оқырмандар «Известия Казахстан» газетінің 10 жылдығын атап өтуде!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов аталмыш газет ұжымына құттықтау жолдады. Құттықтау хатта: «Он жыл бұрын сіздер 2008 жылы 90 жылдығын атап өткен ресейлік жалпыұлттық «Известия» басылымынан бөлініп шықтыңыздар. Содан бері, сіздер, тәуелсіз Қазақстанның замандасы ретінде күннен-күнге тақырыптарыңыздың тыңғылықтылығымен еліміздің нығаюына атсалысып келесіздер. Сіздердің басылымдарыңыз дәстүрді жалғастыра отырып Қазақстанның саяси, қоғамдық және мәдени өміріне қалам тербеп қазақстандық БАҚ арасында өзінің маңызды орынын иеленуде. Осы негізде мемлекеттік саясаттың, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының сауатты саясатының жетекшісі, жалғастырушысы бола білдіңіздер» деп жазылған.

Бүгін "Известия Казахстан" газетінің кеңсесінде «Нұр-Медиа» ЖШС басшылығы мерейтой иелерін құттықтады. Медиа-холдингтің бас директоры Қайсар Жаңаханов бірлігі жарасқан ұжымның жоғары кәсібилігіне, ерен еңбектеріне және шығармашылық ізденістеріне алғыс айтып, алдағы уақыттағы жоспарларды, жобаларды атап өтті.

«Известия Казахстан» ЖШС Бас редакторы Қадыржан Забих қуаныштарына ортақтасып жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры Шолпан Жаманбалаева мен Баспасөз қызметінің жетекшісі Майра Сағымбаеваны жылы шыраймен қарсы алды.

Ары қарай оқу >>

«Айдындағы аруыма» және «Ұйқыашар» кітаптарының тұсауы кесілді

14.10.2010

14 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Ұйқыашар» және «Айдындағы аруыма» атты екі кітаптың тұсаукесері өтті. Былтырғы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына орай, арнайы «Селтеткізер» студенттер шығармаларының жинағы шыққан болса, «Ұйқыашар» соның жалғасы ретінде басылып отыр. Кітап шығармалары іріктеуден өтікізіліп, ең үздік деген проза мен поэзия туындыларынан құралған. Студент өз қаламын ұштау үшін жасалып жатқан осындай игі бастамалар, алдағы уақытта жемісті болады деп сенеміз.

«Баспа ісі және БАҚ дизайны» кафедрасының меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлы өз сөзінде: «Біздің студентік кезімізде кітап тұрмақ, мақаламыздың газет бетінде жарық көргеніне қуанатыныз. Міне, сіздер үшін жағдайдың жасалғандығы, мүмкіндіктің кеңдігі деген осы. Студенттердің қолжазба жинағы шығып отыр. Бұл үлкен қуаныш», - деп атап өтті.

«Айдындағы аруыма» кітабы талантты тележүргізуші, журналист Руслан Бөлебайға арналған естеліктер жинағы. Құрастырушы - қарындасы Айнұр Бөлебай. «Бұл кітаптың жарыққа шығуына Айнұр көп еңбек етті. Барлық материалдарды жинаған да өзі. Ал кітаптың атын қоюға келгенде, "ағай, өзіңіз айтсаңыз" деп өтініш білдірді. "Айдындағы аруыма" деп алған себебім,Руслан ертеректе жазғанөлеңіносылай атаған екен. Сондықтан, естелік кітапты осылай атап, көзі тірісінде қолы жетпеген арманына Руслан бақилыққа аттанғаннан кейін "ескерткіш тұрғызып" кеткендей әсер қалдыру үшін қойдым. Шындығында оның жасаймын дегендері көп еді ғой», - дейді аталмыш кітаптардың жарық көруіне бас-көз болған «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы Дәрмен Смайыл.

Тұсаукесер барысында кітаптар журналистика факультетінің Серік Әбдірайымов атындағы оқу залына табыс етілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ халықаралық спорт жарыстарына майталмандар даярлауда

13.10.2010

Өткен демалыста Кіші Алматы орман шаруашылығының маңында туризм техникасы бойынша жарыс өтті. ҚазҰУ-дың туризм кафедрасы ұйымдастырған жарысқа Алматы қаласының Спорт туризмі мен Туристік көпсайыс федерациясы қолдау көрсетті.

Жарыс дистанциясы бес кезеңді екі параллелді трассадан тұрған. Қатысушылар арнайы туристік құрал-жабдықтарды қолдану арқылы арқан «өрмегінен» өту, асылған арқан өткелінің бірнеше кесіндісін асып өтуі, «маятник» қолданып сайдан секіру, асылған өткел арқылы өзеннің арғы жағасына өтуі, «төмпешіктер» мен «батпақтан» өту сияқты міндеттерді орындады.

Старттарда 1, 2, 4 курс студенттері мен оқытушылар қатысты. Олар туристік және альпинистік құралдармен жұмыс жасау шеберлігін көрсетіп, туристік техника білімін бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар жарысқа қатысу арқылы көңіл көтеріп, денсаулық үшін пайдалы әсермен тарасты.

Жарыс жеңімпаздары арнайы жүлделін сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш жарысты 16-17 қазанда өтетін туристер слеты мен халықаралық «Достар естелігіне» атты ашық жарыстың дайындық кезеңі деп қарастыруға болады.

Ары қарай оқу >>

7-қысқы Азия ойындарында ұлттық құндылықтарымыз барынша насихатталмақ

12.10.2010

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің гоеграфия факультетінде 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына дайындық барысы талқыланды. Оған «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Амангелді Кәрімұлы Каримуллин, 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарының Алматы қаласы дирекциясының директоры Сұлтанмахмұт Ноғайұлы Шоқбытов, Бостандық ауданы «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Әділ Жаппарұлы Төлегенов, әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесов, әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Анатолий Иванович Орешенко және университет студенттері қатысты.

Кездесу барысында Амангелді Кәрімұлы еліміз қысқы Азия ойындарына дайын екендігін айтты. Сондай-ақ, Шымбұлақ, Медеу, Трамплин сияқты спорт кешендерінің толығымен жөндеуден өткендігін, алыс-жақын елдерден келетін мейманжарға арналып қонақ үйлер дайындалып жатқандығын жеткізді.

Сонымен бірге шет тілдерін жетік білетін, Азия ойындары барысында шетелдік қонақтарға насихат жұмыстарын еркін жүргізе алатын жастарды ерікті түрде қызмет көрсетуге шақырды. Одан кейін өкілдер география факультеті студенттері тарапынан қысқы ойындар дайындығына байланысты қойылған сұрақтарға жауап қатты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компанияларындағы студенттерге арналған практика

11.10.2010

Құрметті студенттер! Сіздерді Мансап секторы мен ҚазҰУ Жұмысберушілер одағының компаниялары Қазақстанның ең ірі компанияларында практикадан өтуге шақырады. Мұндай компаниялардан практикадан өту сіздің теориялық білімдеріңізбен дағдыларыңызды практикада негіздеуге көмектеседі.

ҚР Ұлттық ғарыштық агенттігі өзіне қарасты мекемелерде қысқы мерзімге келесі мамандықтар бойынша пракатикадан өтуге шақырады: Геодезия және картография, гидрология, ақпараттық жүйе, информатика, математика, Математикалық және компьютер пiшiндеуi, механика, радиотехника, электроника және телекоммуникация, физика, экология, Ядролық физика, астрономия және ғарыштық байланыс.

«Тау-кен серiктестiк» ЖШС келесі мамандықтар бойынша студент-практиканттардың жиынын жариялайды: химия, юриспруденция, экономика, есепке алу және аудит.

АҚ «ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» студенттерді қысқы мерзімге келесі мамандықтар бойынша пракатикадан өтуге шақырады: математикалық және компьютерлік пiшiндеу, материалтану және жаңа материалдардың технологиясы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау, қаржы, юриспруденция, экономика, есепке алу және аудит, химия, геодезия және картография.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайының тұңғыш мерейтойы

11.10.2010

13 қазанда ҚазҰУ мұражайына бір жыл толады. Аз уақыт болса да бұл уақыт алтын әріптермен жазылатын тарих беті. Бұл жыл мұражай ғұмырында естен кетпес әсерлі жыл болмақ.

Жаңа мұражайдың ашылу салтанатының өзі ерекше болды. Бұл 2009 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келу сапарымен тұспа-тұс келді.

Мұражай аз ғана уақыттың ішінде, яғни не бары 100 күннің ішінде іргесі қаланып, бой көтерді. Мұражайдың жалпы кешені 1000 шаршы метрді құрайды. Университет мұражайы мақтануға тұрарлық 5000 мыңнан астам тарихи құнды құжаттармен, сирек кездесетін экспонаттармен жасақталған. Мұражай тарих галереясы, Даңқ залы, «ҚазҰУ – бүгіні мен ертеңі» деп аталатын залдардан тұрады. Университеттің шығармашылық, жанашылдық, ұжымдық мәдениетінің барша рухы мұражайдың барлық экспозициясында айрықша көрініс тапқан!

Жаңа мұражайды салу идеясының авторы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болған, бүгінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, академик Б.Т. Жұмағұлов болып табылады. Мұражай галереясының негізгі мақсаты Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын тарихын көрсету.

Мұнда әр жылдар аралығында университет басқарған ректорлар туралы және беделді ғылыми мектептердің пайда болуы мен дамуына қатысты тарихи құжаттар қойылған. Музей кеңістігіндегі атриумда 1991 жылдан бастап университетімізге есімі берілген Шығыстың ғұлама ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларына арналған кешен орналасқан. Экспозициямыздың «маржаны да» - Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы, М.О. Әуезов, Е.Б. Бекмаханов дәстүрлері, К.П. Персидский, Д.В. Сокольский, Т.Т. Тәжібаев, Т.Б. Дарқанбаев және басқа да көптеген тамаша ғалымдарымыздың өмірінен сыр шертетін мәліметтер деп айтуға болады. Сонымен қатар ең құрметті орында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, ҚазҰУ-дың Құрметті докторы мен Құрметті профессоры Н.Ә. Назарбаевқа арналған кешен. Еліміздің тарихындағы шешуші сәттері, егемендік туының тігілуі, білім мен ғылым жүйесіндегі қол жеткізген жетістіктері туралы сөрелер орналасқан.

Даңқ залының ортасында университеттің 75-жылдық мерейтойына арналған мәңгіліктің символы – Пирамида орналасқан. Зал қабырғаларына «Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері», «Университет түлектері – біздің мақтанышымыз» атты фотогалереялар сән беріп тұр.

«ҚазҰУ – бүгіні мен ертеңі» атты залда университеттің факультеттері, ғылыми зерттеу институттары мен орталықтарының жетістіктері мен болашағы туралы витриналар қойылған. Ортада – заманауи білімнің әлемдік масштабын бейнелейтін «XXI ғасырдың Жершары» атты терең мағыналы композициялық қондырғы орнатылған.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Хабар» телеарнасының оқу аудиториясы ашылды

08.10.2010

Бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік өкілдері дейміз. Осы орайда журналистика факультетінде даярланып жатқан болашақ мамандардың «төртінші билік» ұғымына сай болуы үшін, әрине мол тәжірибе мен терең білім студент кезден-ақ қажет. Аталмыш құнды қажеттілікті өтеу үшін 7 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Хабар» оқу аудиториясының тұсауы кесілді.

Аудиторияның ашылуына «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас продюсерінің орынбасары Арман Сқабылұлы, «Хабар» Агенттігі» АҚ АФ креативті директоры Ержан Қазисұлы Сүлейменов, спорт комментаторы Амангелді Сейітханов және ҚазҰУ басшылығы мен журналистика факультетінің ұжымы қатысты. Журналистика факультетінде Марат Барманқұлов, Тауман Амандосов, Темірбек Қожакеев сияқты профессорлар атындағы аудиториялар бар. Жақында ғалым Серік Әбдірайымов атындағы оқу залының тұсауы кесілген еді. Бүгін міне, «Хабар» оқу аудиториясы ашылып отыр. Бұл аудиторияның ашылуы студенттердің теориялық білімдерімен қатар, көкейлерінде жүрген шығармашылық жоспарларын іс жүзіне асыруға бағытталған үлкен талпыныстардың бастамасы болып отыр. Осы орайда Арман Сқабылұлы: «Біздің студенттік кезімізде тәжірибе жинақтауға деген жағдайлар көп емес еді. Біз тәжірибе кезінде бұқарлық ақпарат құралдарына микрафон ұстауды да меңгермей баратын едік. Ал қазір жағдай мүлде өзгерген. Бүгінде төртінші билік мамандарын дайындау барысында жасалынып жатқан игі істер қуантады. Бұл аудитория студент шығармашылығын шындауға үлкен көмек болады»,- деп атап өтіп, журналистика факультеті ұжымына «Хабар», «Ел арна» және «CospioNet» телеарналарындағы деректі бағдарламалардың электронды нұсқасын сыйға тарту етті.

Ары қарай оқу >>

Президент ҚазҰУ-дың жаңа ректорын тағайындады

08.10.2010

Мемлекет басшысының Өкімімен Ғалымқайыр Мұтанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.

Бүгін Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов ҚазҰУ-дың жаңа ректорын университеттің Ғылыми кеңесі мүшелерімен және оқу орнының ұжымымен таныстырды.

Тәжірибелі топ-менеджер, ғылым мен білім жүйесінің жетік маманы, жаңа ректор Ғалым Мұтановты таныстыру барысында:

– Еліміздегі ірі жоғары оқу орнына басшылық ету – бұл ең алдымен Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлкен сенімі және мемлекет басшысының еліміздегі жетекші жоғары оқу орны ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алдына жүктейтін тапсырмаларды шешудегі үлкен жауапкершілік, – деді министр.

Университетіміздің ақсақал академиктері Сартаев Сұлтан Сартайұлы мен Әбділдин Мейірхан Мүбаракұлы жаңа басшыны өздерінің баталы сөздерімен қарсы алды. Бас университеттегі соңғы екі жарым жыл ішінде жасалынған игі істерді жалғастыра отырып, оқу орнын жоғары жетістіктерге жетелеуде еңбегіне жеміс тілеп, «келісіп пішкен тон келте болмас» деген пікірді алға тартты.

Өз кезегінде ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов Елбасының үлкен сеніміне алғысын жеткізіп, министр мен университет ұжымына ҚазҰУ-ды әлемдік университеттер қатарына еңгізуде аянбай еңбек етіп, игі бастамаларды жалғастыратындығын айтты.

Қысқаша анықтама. Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы –IGIP Халықаралық инженерлік педагогика қоғамының Қазақстан ұлттық мониторинг комитетінің Президенті, IGIP Халықаралық мониторинг комитетінің мүшесі, Қазақстан инженерлік білім қоғамының Президенті, ЮНЕСКО Білімдегі ақпараттық технологиялар институтының Құрылтайшылар кеңесінің мүшесі (Париж). ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 2002-2003 жылдары ҚР-ның Бірінші білім және ғылым Вице-Министрі лауазымында жұмыс істеді. 2003 жылдың шілде айынан Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры болды.

Ары қарай оқу >>

2010 жылдың 20-22 қазанында «Қазақстандағы Германия жылы – 2010» шеңберінде «ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ» атты Ортаазиялық конгресс өтеді

08.10.2010

Кең көлемдегі және көп жоспарлы іс-шара — халықаралық білім беру конгресі алғаш рет Орталық Азияда өткізілмекші және бұл Орталық Азия мен Еуропа мемлекеттерінің білім беру жүйелері үдерісі мен білім беру бағдарламаларының жаһандану жағдайына бейімделуге бағытталған.

Білім беру конгресі Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты 2007 жылы қабылданған маңызды бағыттарының бірін, яғни, білім беру саласын жүзеге асырады.

Білім беру конгресі Қазақстан Республикасының 2008 жылы қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы міндеттеріне сәйкес өтеді.

Білім беру конгресі білім беру жүйесінің дамуындағы ОА әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетеді, демек Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Бағдарламасында белгіленгендей адами капиталдың мүмкіндіктерін айқындайды. Білім беру конгресі ЕҚЫҰ-ның «үшінші қоржыны» міндеті мен ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемдерін жүзеге асырады.

Білім беру конгресі барысында Орталық Азия, Еуропадан келген ғалымдар мен сарапшылар жоғарғы және орта білім беру жүйесінің түрлі аспектілерін қарастырады. Олар өз мемлекеттерінде соңғы 20 жыл ішінде жүргізілген білім беру реформалары нәтижелері мен уақыт қойып отырған қазіргі талаптарды талқылайды.

Конгресте Орталық Азия мен Еуропада Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру жобалары, ЕО-тың Орталық Азия үшін жаңа білім беру Стратегиясы көрсетіледі. Неміс тілін оқыту мысалы негізінде шет тілдерді дамытуға ерекше назар аударылады және СІМ мәселелері, халықаралық журналистика, жалпы тарих салаларында мамандар дайындау мәселелері қозғалады. Конгресте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына ұштастырған Қазақстандағы «аймақтану» және «халықаралық қатынастар» мамандықтарын дамыту құрылымы мен қалыптасу тәжірибесі талқыланбақшы.

Конгресс шеңберінде 2010 жылдың 20 қазанында Қазақстанның неміс тілі мұғалімдерінің 12-і ұлттық съезі өтпек.

Конгресс мәдени бағдарламамен жалғасады: қазақстандық «Тұран» музыкалық ансамблінің концерті болады. Конгреске қатысушылар алдында Адельберт фон Шамиссо германдық сыйлығының (жыл сайынғы Шамиссо сыйлығы 1985 жылдан бастап неміс тілінде жазатын шет ел әдебиетшілеріне беріледі) 2009 жылғы иегері Цвета Софрониева өзінің шығармашылығын оқиды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ тобы - PETROBILIMTM халықаралық online байқауының жеңімпазы

07.10.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Eventus» тобы PETROBILIMTM халықаралық online байқауының Return on Innovation инновациясының жеңімпазы болып атанды. Байқауға Қазақстан, Норвегия, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің 14 қаласынан жоғарғы мектеп өкілдерінен құралған 125 команда қатысты. PETROBILIM™ – мұнай саласындағы білімді тәжірибеде қолдану байқауы қазанның 5-6 жұлдызынды өтті. Байқаудың бірегейлігі – байқау кезінде қатысушылар әлемнің әр түрлі жерінен үздік топтарды анықтау үшін бәсеке бәйгеде кездесті!

Ары қарай оқу >>