Жаңалықтар

“Мемлекеттік әлеуметтік тендерге өтініш жазу және дайындау” семинары

22.09.2010

24 қыркүйек 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЮНЕСКО кафедрасында сағ. 16-00 мен 18-00 аралығында профессор Ахметова Лайла Сейсембекқызы “Мемлекеттік әлеуметтік тендерге өтініш жазу және дайындау” атты семинар өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да І халықаралық Жолдасбеков симпозиумына дайындық жұмыстарын пысықтауға арналғаны жиын өтті

21.09.2010

2011 жылдың 1-2 наурызында Алматыда майталман ғалым, ғылым мен білімнің үйлестірушісі, көрнекті қоғам, саясат және мемлекет қайраткері Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 80 жылдығына арналған І халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтеді деп жоспарлануда.

Осы орайда 20 қыркүйекте әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да І халықаралық Жолдасбеков симпозиумына дайындық жұмыстарын пысықтауға арналғаны жиын өтті. Аталмыш ғылыми ірі шараның өтуін талқылаған отырысты академик Бақытжан Жұмағұлов жүргізді жүргізді. Жиын барысында Ө.А.Жолдасбековке арналған бюст ескерткішін тұрғызу мақұлданып, осы жұмысқа кететін шығын есептелді. Сонымен қатар академиктің ғылыми еңбектерінен жинақ құрастырып, деректі фильм түсіруді қолға алу керектігі айтылды.

Ары қарай оқу >>

Студенттер қатарына қабылдау шарасы өтті

20.09.2010

Бұл күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алаңында адам әдеттегіден де қалың. Жастарды мерекелік көңіл күй кернеген. Бұл күн алғаш рет “ҚазҰУ студенті” атанып отырған білімгерлердің есінде өзінің ерекше әсерімен мәңгі сақталатын “Студенттер қатарына қабылдау салтанаты”. Алғашқы студенттік вальс орындалған күн де, тұңғыш факультеттер шеруі көрініс алған уақыт та осы – 17 қыркүйек. Бұл күн – 2010 жылы ҚазҰУ студенті қатарына қабылданған жастардың төл мерекесі. Бейресми мейрамы.

Мерекелік сахналанған Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдына барабан аспабын ойнап шыққан студенттер, әсем әуенге мың бұрала билеген бишілер, көңілді сазбен ақудай ағылған бірінші курс студенттері көрерменге мерекелік көңіл сыйлауда. Биылғы жылы ҚазҰУ-дың студенттер қатары Қазақстанның барлық аймақтарынан келген ең үздік мектеп түлектерімен толықты! Бірінші болып сахнаға “Алтын белгі” иегерлері келді. “Алтын белгі” иегерлері – университетіміздің элиталық гвардиясы”. Бұл теңеу ҚазҰУ ректорының бірінші курсқа дәл тауып айтқан баламасы. Оан кейінгі кезекте сахна төріне «Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздары, сондай-ақ, әртүрлі халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен спорт шеберлері келді. Осы жылы ҚазҰУ-дың спорт командасының қатары біздің бірінші курстардың ішінен 10 спорт шебері, 22 чемпион мен халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары, машықтанған шеберлермен толықтырылды! Мұндай көрсеткіштерден кейін “ҚазҰУ студенті – студенттік шақтың элитасы” деуге толық негіз бар.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың 19 студенті Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Желілік университетіне қабылданды

20.09.2010

2010-2011 оқу жылына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистратурасының 19 магистарантты Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Желілік университетінің магистратурасына қос диплом бағдарламасы бойынша «Халықаралық менеджмент», «Халықаралық жобаларды басқару», «Халықаралық сауда-саттық», «Орыс тілі және әдебиеті» және «Халықаралық құқық» мамандықтарына оқуға жіберіледі.

Ары қарай оқу >>

Қамқоршылар кеңесі – университеттің іс-әрекетін қадағалайтын қоғамдық бақылау

17.09.2010

17 кыркүйекте Алматыда көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері және ірі коммерциялық кампания жетекшілерінің қатысуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қамқоршылар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков төрағалық ететін кеңес мүшелерінің қатарында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің басшысы Қуаныш Сұлтанов, Ұлттық Ғарыш агенттігінің төрағасы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев, ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, “Capіtal Partners” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сержан Жұмашев, Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов т.б. бар. Кеңестің бірінші отырысында негізгі екі мәселе қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ҚазҰУ студенттері халықаралық ISIC-картасы - электронды студенттік билетке қол жеткізетін болады

16.09.2010

17 қыркүйекте Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеңесі өтеді, онда университеттің болашағы және даму жолдары талқыланатын болады.

Ары қарай оқу >>

Нәдіров оқулары – жас ғалымдардың мұнай-газ саласында

16.09.2010

16 қыркүйекте әл-Фараби атындағы химия факультетінде «Мұнай-газ кешенінің ғылыми-технологиялық дамуы» атты VІІІ Халықаралық ғылыми Нәдіров оқулары өтті. Шараға Нәдіров Нәдір Кәрімұлы өзі де қатысып, “Ғарыштың мұнай алу және оны тасымалдау жұмыстарына әсері” деген зерттеу жұмысымен бөлісті. Мұнай-газ саласының, жаратылыстану ғылымдарының, соның ішінде химия ғалымдары бас қосқан бұл халықаралық жиынның бас демеушілері “КазРосГаз”, «Теңіз Шевройл» компаниясы, «Торғай-Петролеум» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ болып отыр.

Ары қарай оқу >>

ЗАВЕРШЕНИЕ ПРОЕКТА КАДО 2009-2010

16.09.2010

19 августа кафедра корееведения совместно с командой Korea Internet Volunteers от корейской организации National Information Society Agency завершила проект, который осуществлялся с сентября 2009 года по август 2010 года.

Ары қарай оқу >>