Жаңалықтар

Тәжікстанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер қауымдастығының бөлімшесі ашылды

29.09.2010

22 қыркүйек күні Душанбеде ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бөлімшесі ашылды. Бұл жөнінде ҚазҰУ түлектер қауымдастығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева мәлімдеді. Ашылу салтанаттында филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдусаттар Нұралиев басшы болып тағайындалды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалығы аясындағы болашаққа интеллектуалдық секіріс: біздің жетістіктеріміз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

29.09.2010

1 қазанда сағ. 10.00-15.00 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалығы аясындағы болашаққа интеллектуалдық секіріс: біздің жетістіктеріміз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Алға, балмұздақтар!

29.09.2010

Жыл сайын қыркүйек айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші курс студенттері арасында спорт жарыстарын ұйымдастырады. Жарыс спорттың бес түрі - кіші футбол, шахмат, арқан тарту, кіші теннис, стритбол, бадминтон және қазақша күрес бойынша өтті.

Ары қарай оқу >>

Ұлағатты ұстаз, ойшыл

29.09.2010

Аса көрнекті философ, ғалым, ұстаз Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының өмірі мен шығармашылық қызметі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да философия және саясаттану факультетінің қалыптасып дамуымен тығыз байланысты. Қасым Халиуллаұлы 1971 жылы факультет құрылымына жаңа өзгерістер ендіруге мұрындық бола отырып, факультет құрылымына өзерістер енгізу үшін университет басшылығына ұсыныс жасай отырып, факультетті басқарудың тиімді әдістерін ұсынды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР ҰҒА 20-жылдық мерейтойына арналған халықаралық VІІ қазақстандық-ресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

28.09.2010

28 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, РҒА есептеуіш технологиялардың институты, РҒА-ның М.А. Лаврентьев атындағы гидродинамика институты, Қазақ-Британ техникалық унверситетінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық инженерлік академиясының 20-жылдық мерейтойына арналған «Мұнайгаз өндірісінің ғылыми-технологиялық және экологиялық мәселелерін математикалық модельдеу» тақырыбында халықаралық VІІ қазақстандық-ресейлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

«ЭКОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

28.09.2010

30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында сағ. 10-00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология факультетінде өтеді. Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология факультеті, Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты.Конференцияның мақсаты - экология және қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі кездегі табиғи-ғылымдық және әлеуметті-гуманитарлық мәселелерді қарастыру, сонымен бірге оларды шешуге әр түрлі мамандардың күштерін біріктіру.

Ары қарай оқу >>

«Жастар көзқарасы» атты республикалық жастар форумы өтті

27.09.2010

25 қыркүйекте «Бауыржан» қайырымдылық қоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жастар көзқарасы» атты республикалық жастар форумы өтті. Аталмыш форум негізгі екі бөліктен тұрды. Алғашқысы, еліміздің көптеген жетістікке қол жеткізген жас саясаткерлері мен кәсіпкерлерінің табыс жолының формуласына арналған дәрістер болса, екінші бөлімі жастардың таңдамалы баяндамаларын тыңдау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен тұрды.

Өзінің жетістік жолының құпиясымен бөлісу үшін Астандан арнайы келген мәжіліс депутаты Сыздықова Бақыт Ахметқызының, «Astana Group» компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловтың, Нұр Отан ХДП, Жас Отан ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешовтың студенттермен сұхбаты ерекше есте қалды. Осы орайда ҚазҰУ-дың “Жеті муза” қоғамының жетекшісі Сандуғаш Қартаева: “«Жастар көзқарасы» атты республикалық жастар форумы жастарды көшбасшылыққа жетуде партиоттық сезімді дамытып, адалдық пен мейірімділік қасиеттерін меңгеруге бағыттайды. Бұл форум арқашанда адамгершілік тұрғысынан ойлап, жақыныңа қол ұшын созу, биік мақсаттарды ойлай білу, т.б. жақсы адами қасиеттерді жастар бойына сіңіруімен құнды болды”, -дейді.

Ары қарай оқу >>

Санаткер Cерік аға атындағы оқу залы

27.09.2010

25 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде мәдениет қайраткері, дарынды жазушы-журналист, аудармашы Серік Әбдірайымұлы атындағы оқу залының ашылу салтанаты болып өтті. Оның тұсаукесеріне ҚР қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар: ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов, жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы және т.б. қатысты.

Ашылу салтанатының алғашқы сөзі Журналистика факультетінің деканы Ғалия Ибраеваға берілді. «Осы күнге дейін журналистика факультетінде Т. Амандосов, Қ. Бекхожин, Т. Қожекеев және М. Барманқұлов атына аудитория берілген еді. Бүгін қоғам қайраткері, Д.Қонаевтың өмірін зерттеуге үлкен үлес қосқан зерттеуші Серік Әбдірайымұлының атына оқу залының ашылуына қош келдіңіздер. Осы орайда болашақта аға жолымен жүрер деген ниетпен үздік студенттерімізге арнайы шәкіртақы тағайындалып отыр. Олар біздің сенімімізді ақтайды деп білеміз»,- дейді декан. Астанадан арнайы келген Мырзатай Жолдасбеков ағамыз өз ойын былай тарқатты: «Ойлап отырсам, Серік ағамыз осындай еді деп, жаманымызды жасырып, жақсымызды асырып біз туралы сөйлеу керек еді, енді інісі туралы ағасы сөйлейтін жағдай болып отыр... Ойы да, бойы да биік, адамзатты сүйетін махаббаты өте зор, қарапайым, қайырымды, жасымызға қарамай еркелетіп, «Айналайын, Мырза аға» деуші еді. Өзіңнен жасы кіші адамның бұлай сөйлеуін бұрын естімеген едім. Серіктің туған ортасы, ұясы жақсы... Менің 60-жылдығымда марқұм Алтынбек «аға, сіз туралы кітап жазғалы отырмыз, оны Серікке тапсырдық» дегенде қуанып қалдым, оның атын «Ел тағдыры - ер тағдыры» деп қойған да Серіктің өзі болатын. Мен Серікке сабақ беріп едім. Артында жұрты, халқы, елі бар. Ұрпағы бар. Бақытжан сияқты қанаты бар. Мақтан тұтып отырған баламыз, ініміз. Димекеңнің басына күн туғанда қасынан табылған да Серік еді. Бір жағында Серігі, бір жағында Олжасы жүрді. Димекең туралы жұрт айта алмайтын сөздерді ашық айтып кетті. Осындай оқу залын ашып отырған, басымызды иіп кіретұғын қарашаңыраққа алғысымды білдіремін. Арнайы ас берілгелі де отыр. Ақселеу екеуі егіздің сыңарындай еді. Әрқайсысы сайдың тасындай, арқардың құлжасындай азамат еді».

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Жұмыс берушілер Кеңесінің мүшесі - Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. өкілдерімен кездесті

27.09.2010

24 қыркүйекте Мансап секторының ұйымдастыруымен ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің мүшесі - Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. өкілдері мен студенттердің кездесуі өтті. Кездесудің басты мақсаты Қазақстан жас мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында суденттер компанияда тәжірибе жинанқтайтын болады.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!

23.09.2010

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті техника ғылымдарының докторы, академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтайды!

Ары қарай оқу >>