Халықаралық on-line PETROBILIMTM байқауы

02.10.2010

Көрулер: 2816

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Мансап секторы KAZENERGY» және Human Capital Lead компаниялардың қолдауымен қазан айының 5-6 жұлдызында Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайында KAZENERGY 5-ші Еуразиялық Форум шеңберінде PETROBILIM™ халықаралық on-line байқауын өткізеді. PETROBILIM™ – мұнай саласындағы білімді тәжірибеде қолдану байқауы екі күнге:

- мемлекеттер мен қалаларды,

- жоо мен өнеркәсіптерді,

- студенттер мен жас мамандарды,

- телекоммуникациялық компанияларды,

- мемлекеттік ұйымдар мен жеке компанияларды біріктіреді .

Симуляциялық ойындармен үлгілеуші әдістер арқылы топтар мұнайдың қаражаттық қорға айналуын көрсету керек. Байқауға Қазақстан, Норвегия, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің 14 қаласынан жоғарғы мектеп өкілдерінен құралған 125 команда қатысады. Байқау кезінде олар әлемнің әр түрлі жерінен үздік топтарды анықтау үшін бәсеке бәйгеде кездеседі.

Мансап секторы