Жаңалықтар

Ғылым, білім және инновация университеттің басты бағыты болу керек

27.05.2011

27 мамырда Қаззақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келді. Министр ҚазҰУ қалашығында ашылған механика-математика факультетінің жаңа оқу ғимаратымен және университетте атқарылып жатқан инновациялық жобалармен танысты.

Сонымен қатар университеттің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен арнайы кездесті. Механика-математика факультетінің жаңа ғимаратымен құттықтап, бұл жаңа ордада бірнеше жаңа ғылыми жаңалықтар, ғылыми жұмыстар дүниеге келуін тіледі.

Ары қарай оқу >>

«Болашақ» бағдарламасына қатысты құжат қабылдау бойынша брифинг»

27.05.2011

Халықаралық бағдарлама орталығы Химия факультетiнiң Бiрiмжанов атындағы залда 2011 жылдың 27 мамыр айында, сағат 15:00, «Болашақ»бағдарламаға қатысты құжаттарды қабылдау бойынша ақпараттық науқанды өткiзедi. Негiзгi брифинг тақырыбы – «Болашақ» бағдарламасының өзгерiстері, құжаттарды қабылдау ережесі және басты мамандықтар мен шетел ЖООларының тiзiмдерiне түсiнiктемелер.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры «Саңлақ автор» қола медальмен марапатталды

26.05.2011

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығы ҚАЛҚАМАН ТҰРСЫНҰЛЫ ЖҰМАҒҰЛОВТЫ көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» қола медальмен марапаттады.

Қ.Т.Жұмағұлов – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА, ГҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің дүние жүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі, бірқатар шетел және отандық университеттердің Құрметті профессоры. Ол қазақ, орыс және неміс тілдерінде шыққан 230 астам еңбектің авторы.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тарихының 20 томдығы жарық көрмек

26.05.2011

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде «Бекмаханов оқулары -2011» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның аясында «Қазақстан тарихы ғылымының теориялы-методологиялық мәселелері» атты дөңгелек үстел өз жұмысын бастады.

Дөңгелек үстел барысында тарихшылар тақырып аясында пікір алмасып, өзара ойларымен бөлісті. Олардың қатарында Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, тарих факультетінің деканы Жәкен Таймағамбетов, ҚазҰУ профессорлары Талас Омарбеков, Қамбар Атабаев, Қалқаман Жұмағұлов және тағы да басқа тарихшылар қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Социализм – күнә және кінә туралы роман» атты кітабының тұсаукесері болады

26.05.2011

2011 жылдың 28 мамырында сағ.10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде ҚРПарламенті Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі, филос.ғ.д., профессор Ғарифолла Есімнің «Социализм – күнә және кінә туралы роман» атты кітабының тұсаукесері болады.

Белгілі философ, жазушы Ғарифолла Есімнің ұзақ жылдарғы ой-толғаныс, ізденісінен туған «Социализм» атты романы философиялық проза дəстүрінде жазылған. Социализм туралы теориялық мəселелермен автордың өмірбаяндық сюжеттері үйлесімді шешім таба отырып, кінə мен күнə туралы хикаялар баяндалған. Социализм утопия емес, миллиондардың өмірі мен тағдыры болғаны туралы баяндайтын естелік-хикаялар оқырманға ерекше əсер қалдыратын əрі ойландыратын, мағыналары терең көркем шығармалар.

Ары қарай оқу >>

Түсіністік әлеміндегі өзекті білім

26.05.2011

26 мамыр сағат 18.00-де ректораттың 15 қабатында Колумбия университетімен магистранттарға арналып «Біріккен тәжірибе сәтті дамуға» атты тақырыпта бірінші телекөпір өтеді. Ол Маккаптур қоры мен АҚШ-ьың басқа да ұйымдарының қолдауымен өтпек.

Дәріс оқитындар қатарында – Колумбия университетінде қызмет ететін жетекші ірі ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары, Пулитцер сыйлығының иегерлері бар. Телекөпір дәрісіне Латын Америкасы, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа және тағы да басқа әлемнің әр еліндегі 23 университеттен студенттер қатысады.

Колумбия университетінің серіктесі боуды әркім қалайды, алайда ең негізгі иық тіресер серіктестік ретінде ТМД және Азия елдері арасында біздің университет таңдалды. Біздің университет халықаралық білім бағдарламаларында көш бастап келе жатқандығы осы жобадан анық байқалады,

Ары қарай оқу >>

IT-технологияның соңғы үлгісі жасалмақ

25.05.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Оңтүстік Кореядан келген делегацияны қабылдады.

Олардың қатарында BLUE COP SECURITY & SYSTEM компаниясының өкілі Джо Хан Бон (Jo Han Bong), Jipyung +2 International CO.,Ltd компаниясының өкілі Парк Янг Мим (Park Young Min) бар. Оңтүстік Кореядан келген қонақтар IT-технология саласында бірігіп жүзеге асырылатын жобаларды ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Теорияның қуаттылығы – тәжірибеде

24.05.2011

Студенттер оқу үдерісінде жиған-терген білімдерін ізгілендіріп, кәсіби маманға бір қадам жақындауы үшін өндірістік тәжірибенің сапасын арттыру қажет. Ұлттық университет білімгерлерінің ірі-ірі мекемелерде, мемлекеттік жұмыс орындарында тәжірибеден өтуін қадағалап, өндіріске деген талапты күшейту керек.

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың пайымдауынша, мұндай талаптар маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, мамандығына деген жауапкершілікті сезіндіре түспек. Университетте жазғы өндірістік тәжірибенің жақындауына орай, кеше ҚазҰУ-дың ректорат мәжілісінде осы сала жан-жақты қаралды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Американдық ғаламдық білім комитеті арасында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

21.05.2011

20 мамырда әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов Американдық ғаламдық білім комитеті делегациясы өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Американдықтар бұл сапар барысында қазақстандық ғалымдармен бірлесіп ынтымақтастықтың жалпы қағидаларын және басымдықтарын анықтады. Онда тараптар ғылыми қызмет, магистранттар мен доктаранттар үшін қосдипломды білім беру бағдарламасын енгізу, ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларының ғылыми іс-тәжірибеден өтуінде тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігін ерекше атап өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Алматы апортының жаңаруы» атты ағаш отырғызу шарасы басталды

21.05.2011

Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдында «Алматы апортының жаңаруы» атты ағаш отырғызылу ісшарасы өз жұмысын бастады.

Ісшара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бастамасымен өтуде. Сонымен қатар, акцияға, Қазақстанның Британдық түлектер клубы, PosadiDerevo.kz, Қазақстан мен Қырғызстандағы Британдық Кеңесінің директорлары белсенділік танытуда.

Ары қарай оқу >>