«Болашақ» бағдарламасына қатысты құжат қабылдау бойынша брифинг»

27.05.2011

Көрулер: 2645

Халықаралық бағдарлама орталығы Химия факультетiнiң Бiрiмжанов атындағы залда 2011 жылдың 27 мамыр айында, сағат 15:00, «Болашақ»бағдарламаға қатысты құжаттарды қабылдау бойынша ақпараттық науқанды өткiзедi.

Негiзгi брифинг тақырыбы – «Болашақ» бағдарламасының өзгерiстері, құжаттарды қабылдау ережесі және басты мамандықтар мен шетел ЖООларының тiзiмдерiне түсiнiктемелер.

Сонымен бiрге брифинг шеңберiнде Қазақстанның Британдық түлектер клубiнiң «Жазғы семестр», «Күзгi семестр», «London Business School of Economics» бағдарламалары, шетел елдерінде білім алуына несие беру, шетелдегі тiл курстарының бағдарламаларының презентациялары өтедi.

Мансап және бизнес орталығы