ҚазҰУ профессоры «Саңлақ автор» қола медальмен марапатталды

26.05.2011

Көрулер: 2739

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығы ҚАЛҚАМАН ТҰРСЫНҰЛЫ ЖҰМАҒҰЛОВТЫ көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» қола медальмен марапаттады.

Қ.Т.Жұмағұлов – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА, ГҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті дүние жүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі, бірқатар шетел және отандық университеттердің Құрметті профессоры. Ол қазақ, орыс және неміс тілдерінде шыққан 230 астам еңбектің авторы.

Профессор Қ.Т.Жұмағұловқа сыйлықты ректораттың кеңейтілген мәжілісінде 2011 ж. 23 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры академик Ғ.М.Мұтанов тапсырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі