ҚазҰУ мен Американдық ғаламдық білім комитеті арасында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

21.05.2011

Көрулер: 2392

20 мамырда әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов Американдық ғаламдық білім комитеті делегациясы өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Американдықтар бұл сапар барысында қазақстандық ғалымдармен бірлесіп ынтымақтастықтың жалпы қағидаларын және басымдықтарын анықтады. Онда тараптар ғылыми қызмет, магистранттар мен доктаранттар үшін қосдипломды білім беру бағдарламасын енгізу, ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларының ғылыми іс-тәжірибеден өтуінде тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігін ерекше атап өтті.

«Бұл жақсы бастама. Біз ынтымақтастықтың барынша жоғары деңгейіне шықтық. Жемісті бірлескен қызмет университет үшін маңызды ғылыми-зерттеушілік жоғары оқу орнына ауысу міндетін шешуге ықпал ететін болады», - дейді әл- Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов. Ол өз сөзінде бірлескен шаралар мен жобаларды жүзеге асыру үшін жұмыс тобын құруға әзір екенін де жеткізді. Ынтымақтастық аясында жүзеге асыруға ұсынылған бірлескен шаралар арасында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша ағылшын тілінде қашықтықтан оқыту курстары мен ғаламдық білім беру семинарларын өткізу бар.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі