Түсіністік әлеміндегі өзекті білім

26.05.2011

Көрулер: 2345

26 мамыр сағат 18.00-де ректораттың 15 қабатында Колумбия университетімен магистранттарға арналып «Біріккен тәжірибе сәтті дамуға» атты тақырыпта бірінші телекөпір өтеді. Ол Маккаптур қоры мен АҚШ-ьың басқа да ұйымдарының қолдауымен өтпек.

Дәріс оқитындар қатарында – Колумбия университетінде қызмет ететін жетекші ірі ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары, Пулитцер сыйлығының иегерлері бар. Телекөпір дәрісіне Латын Америкасы, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа және тағы да басқа әлемнің әр еліндегі 23 университеттен студенттер қатысады.

Колумбия университетінің серіктесі боуды әркім қалайды, алайда ең негізгі иық тіресер серіктестік ретінде ТМД және Азия елдері арасында біздің университет таңдалды. Біздің университет халықаралық білім бағдарламаларында көш бастап келе жатқандығы осы жобадан анық байқалады,

Мұндай курсты өткізу идеясы өткен жылдың көктемінде Колумбия университетіне сол кездегі ҚазҰУ ректоры, бүгінде ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың дәрісі барысында көтерілген болатын. Оның бастамасымен бұл курс біздің студенттерге бұйырып отыр. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың басшылығымен бұл интернет-конференцияны өткізуге барлық жағдай жасалынып, құрылғылармен қамтамасыз етіліп отыр. Енді бірінші болып ҚазҰУ студенттері аудиториядан алыс шықпай-ақ, шетелдік ғалымдардың дәрісін тыңдай алады.

«Біріккен тәжірибе сәтті дамуға» курсы аптасына жүзге жуық арнайы оқулықтар бойынша дайындалған дәрістерді ұсынады, одан кейін әр сейсенбіде АҚШ-тағы профессорлармен өтетін сұрақ-жауап дискуссиясына кезек келеді.

Сабақтың екінші бөлігі дискуссия түрінде әр бейсенбіде Алматыға арнайы келетін АҚШ профессорларымен ұйымдастырылады. Глобал класс жүйесінде әр стүденттің өзінің парақшасы болады, бұл парақшада олар өз ойларын анық жеткізіп, әлемнің 24 университеті студенттерімен пікір бөлісе алады.

Курс нәтижесі қатысу ережесіне, тәртіпке, сұрақ қойып, белсенділік таныту қағидаларымен бағаланады. Егер курс жетекшісі студент сертификат алуға лайық деп тапса, студентке сертификат табыс етіледі. Әр сертификаттың құны – 4 мың АҚШ долларын құрайды, бірақ ҚазҰУ студенттеріне Колумбия университеті барлық шығынды көтеріп алатын грант тағайындамақ.

Глобал класының жетекшілерімен өтетін бірінші сынақ интерактивті кездесуі орталық директоры Люсия Родригестің, жаттықтырушы Эшли Кингдтің қолдауымен сондай-ақ Нью-Йорктан Алматыға арнайы келген Рафис Абазов сияқты Колумбия университеті профессорларының қатысуымен өтіп отыр. қолдауымен өтіп отыр.

Қазақстаннан ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев және факультет декандары, бөлім бастықтары мен ақпараттық қызмет жетекшілері, дәріс тыңдау үшін ағылшын тілін жетік меңгерген магистранттар қатысады. ,

Виртуальды кластағы және видео дәрістер мен белсенділікті арттырудағы «ойындар»– болашақ білімі ҚазҰУ үшін болашаққа жетекшілік басымдылық әкелмек. Біз бүгін ол басымдылыққа алғаш қадам жасаймыз!

Ғалия Ибраева

профессор