Жаңалықтар

«Жезқоңырау» студенттер альманағы жарық көреді

20.05.2011

21 мамыр сағат 12.30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жез қоңырау» Студенттік альманағының салтанатты тұсаукесері өтеді.

Салтанатты тұсаукесер рәсімі ҚазҰУ филология факультетінің 312-ші дәрісханасында болады.

Ары қарай оқу >>

PR мамандығы келешек кепілі

19.05.2011

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның білім беру және ақпарат кеңістігіндегі PR орыны» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2010 жылдан бастап, Қазақстан Республикасында «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша маман даярлау қайтадан қолға алынды. Бұл отандық PR-индустрия үшін бірегей оқиға болып табылады. «Қоғаммен байланыс» сұранысы мол, келешегі зор кәсіп болып табылады. Бұрыннан бар тәжірибені және қазіргі заманғы ерекшеліктерді ескере келіп студенттерді PR-қауымдастықтың жетекші тәжірибешілерімен бірлесе отырып жасаған жаңа үрдістер бойынша оқытуды бірінші болып қолға алды.

Ары қарай оқу >>

"Ұлылардың ұрпағы" деректі фильмінің тұсауы кесілді

19.05.2011

19-мамыр күні ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде филология ғылымдарының кандидаты, телевизиялық және радиожурналистика кафедрасының доценті Жидегүл Әбдіжәділқызының «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰРПАҒЫ» атты Жұбановтар әулеті жайлы түсірген деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Фильмнің тұсаукесеріне журналистика факультетінің деканы Есберген Алауханов, фильм кейіпкерінің қызы Ажар Жұбанова, композиторлар Гүлнәр Дәукенова, Донеділ Қажымов және биология факультетінің деканы Тамара Шалахметова, заң факультетінің деканы Дәурен Байділдинов арнайы келді.

Ары қарай оқу >>

Жақында Түлектер күні

19.05.2011

ҚазҰУ тарихында тұңғыш рет жалпыуниверситеттік деңгейде Түлектер күні өтеді. Биылдан бастан жыл сайын «ҚазҰУ түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісінде тойланады. Бұл күн ҚазҰУ түлектері қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Биыл ҚазҰУ түлектерінің күні мамыр айының соңғы сенбісі – 28 мамырға сәйкес келеді.

28 мамырда әр жылда ғы университет түлектері рекаторатта жиналады. 10.45-те түлектер әл-Фараби ескерткішіне және Ө.А.Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Одан кейін қонақтар, оқытушылар, студенттер Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайына жиналып Түлектер күнінің салтанатты ашылуында бас қосады.

Ары қарай оқу >>

«Геоинформатика: қоршаған ортаны, ресустарды және тәуекелді басқару» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

19.05.2011

19 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде география факультеті мен Австрияның Зальцбург университеті бірлесе отырып Орталық Азия университтерінің профессорлар-оқытушылар құрамымен ТЕМПУС жобасы негізінде ағылшын тілінде «Геоинформатика: қоршаған ортаны, ресустарды және тәуекелді басқару» Орталық Азия ГАЖ (геоақпараттық жүйе) – 2011 атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға Австрия, Нидерланды, Венгрия, Иран, Түркия, Ресей, АҚШ, Германия, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан ғалымдары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Еуропарламент депутаттары – ҚазҰУ қонақтары

18.05.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Еуропарламент және Орта Азия мен Қазақстандағы Конрад Аденауэр қоры басқармасының өкілдерімен кездесті. Өкілдер құрамында Еуропарламент депутаттары Елизабет Йеггле, Манферд Вебер, Вернер Ланген, Квистхауд-Роволь, Йохим Целлер және Еуропарламент қызметкерлері Михаэль Шпайзер, Қазақстандағы Қор басшылығының жетекшісі Әлия Мусина бар.

Делегация сапарының мақсты ҚазҰУ мен байланысты нығайту. Еуропарламент жұмысымен таныстырып, ЕуроОдақ тәжірибесі негізінде атқарылып жатқан міндеттермен бөлісу. Бұл кездесу ЕуроОдақ әріптестігінде үлкен серпін беретіндігін айтқан университет ректоры шетелдік қонақтарды ҚазҰУ-дың білім, ғылым саласындағы бағыттарымен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

Дінтану мамандығын ұйымдастырған ғалым – Мұхаммадияр Орынбеков

18.05.2011

18 мамыр күні ҚазҰУ-да философия факультеті, ғылым философиясы және дінтану кафедрасының ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы, профессор М.С. Орынбековтың 65 жылдығына арналған «Ғасыр санасы: онтология, дін, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Халықаралық конференцияға философия және саясаттану факультетінің деканы Ақтолқын Құлсариева, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Абуов, Египет ислам мәдениетінің өкілі, профессор Ридо Аддакики, ғылым философиясы және дінтану кафедрасының меңгерушісі Нағима Байтенова, ұстаз Жақан Молдабеков, философия және саясаттану институтының бас ғылыми қызметкері Анатолий Косиченко, философия және саясаттану институтының меңгерушісі Серік Нұрмұратов, Мұхаммадияр Орынбековтың аяулы жары Данел Әлкейқызы секілді арнайы қонақтар мен шетелдік өкілдер қатысқан конференция нәтижелі өтті.

Конференцияда қазіргі заманғы онтология, мәдениет, дін мәселелері және әлеуметтік-мәдени, діни-рухани құбылыстар мен үдерістердің Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуындағы рөлін айқындауға арналған баяндамалар оқылды

Ары қарай оқу >>

Студенттер шпаргалкадан бас тартты

17.05.2011

Студенттік жылдарды еске түсіргенде қай қайсыңыз болмасын шпаргалка қолданған сәттеріңізді ойға оралтатыныңыз анық. Бірақ ол естеліктер енді келмеске кетті десек болады. Бәсекеге қабілетті иық тіресер маман болу үшін шпаргалка емес, нақты сапалы білім қажеттігін түсінген студенттер өз еріктерімен шпаргалкадан бас тартты.

16 мамырда Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сенаты жанындағы Болон үдерісі бойынша Студенттік бюроның бастамасымен, ҚазҰУ студенттерінің ұйымдастыруымен «Анти шпора» акциясы өтті. Бұл акцияның негізі осыдан екі ай бұрын бастау алған болатын. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сенаты жанындағы Болон үдерісі бойынша Студенттік бюро Ректорат мәжілісіне арнайы қатысып, университет басшылығына студенттер сессия уақытында шпаргалка қолданудан бас тартатындықтарын жеткізген болатын.

Ары қарай оқу >>

«ҒАСЫР САНАСЫ: ОНТОЛОГИЯ, ДІН, МӘДЕНИЕТ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

16.05.2011

18 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия ғылымдарының докторы, профессор М.С. Орынбековтың 65 жылдығына арналған «ҒАСЫР САНАСЫ: ОНТОЛОГИЯ, ДІН, МӘДЕНИЕТ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Технология трансферті» дәрісі оқылды

13.05.2011

Бүгін ҚазҰУ-да Халықаралық жобалардың даму және басқару директоры, Финлияндия профессоры Кристина Йокелайнен TEMPUS PERSEUS жобасының аясында дәріс оқыды. Дәрістің «Технология трансферті» тақырыбын қамтыды.

Биылғы үшінші мәрте өтіп отырған TEMPUS PERSEUS жобасы – Қазақстан ЖОО шағын және көп ғылымды кәсiпорындардың құрылу және даму келешегінен хабар берді.

Ары қарай оқу >>