Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

09.06.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 9 маусымда «Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, еліміздің әр аймағынан келген жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде қазіргі жоғары оқу орындарындағы мәселелер және жоғары оқу орындарын тиімді басқарудың әдісі, жоғары оқу мекемелерін басқарудың жаңа жолы және жоғары мектеп менеджментінің даму болашағы жайында тақырыптар қозғалып, отандық оқытушы-профессорлар өзара пікір алмасты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, жақында ғана халықаралық деңгейдегі оқытушы құрмет атағымен марапатталған профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев университеттің менеджменті турасында кеңінен тоқталып, отандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да нанотехнология бойынша халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады

09.06.2011

9 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде VIII халықаралық «Материалтану және наноматериалдарға арналған перспективалық технологиялар, жабдықтар және аналитикалық жүйелер» атты ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Конференция ҚР Білім және ғылым миннистрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Мәскеудегі болат пен қоспа институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетті мен жапондық «Interactive Corporation» компаниясының ұйымдастыруымен өтуде.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді

08.06.2011

9 маусым сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әкімшілік ғимаратының 9-шы қабатындағы мәжіліс залда сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.

Қазақстан Республикасының жоғары білім берудегі даму стратегиясы тапсырмалары аясында жоғары мектеп менеджментінің даму болашағын және тағы да басқа маңызды мәселерді талқылау дөңгелек үстелдің мақсаты болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев - «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы

07.06.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы (IGIP)» атанды.

«Халықаралық инженерлік білім» бағдарламасы бойынша (IGIP) қауымдастықтың және Халықаралық Мониторинг Комитетінің ұсынысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы құрмет атағымен марапатталды.

Сертификатты ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов университеттің Ғылыми кеңесінде профессор Мұқамбетқали Бүркітбаевқа арнайы табыс етті. Құжатқа IGIP президенті, профессор Майкл Е.Ауер және бас хатшы Герберт Клебер қол қойған.

Ары қарай оқу >>

Кезекті Ректорат мәжілісі өтті

06.06.2011

Ректорат мәжілісі барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «БТА Банк» АҚ екіжақты әріптестік келісімге қол қойды. Университет тарапынан ректор Ғ.М.Мұтанов қол қойса, банк тарапынан Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов құжатқа қол қойды. «Біз «БТА-дан стипендия» жобасының ҚазҰУ-да бастау алғанына қуаныштымыз. Еліміздегі жетекші университетпен болашақта да әріптестігіміз жалғаса беретіндігіне сенеміз», - деді банк басшысы.

Ә.Сәйденов «БТА-дан стипендия» жобасы отандық жоғары оқу орындарында маманданып жатқан ең үздік студенттерді ай сайын арнайы шәкіртақымен қамтамасыз етіп отырады. Шәкіртақы айына 20000 ұлттық теңге көлемінде немесе оқу жылына 200000 теңге қаржы көлемінде ұсынылатындығын айтып, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті экономика және бизнес факультетінің 2-курс студенті Қонарова Динара Маратқызына банк тарапынан студенттік шәкіртақы табыс етті.

Әріптестік келісімнен кейін Ректорат күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ магистранттары БелМУ-да білім алды

03.06.2011

2011 жылдың 17 қаңтар мен 21 мамыр аралығында ҚазҰУ химия факультетінің 1 курс магистранттары Қ.Қ.Кішібаев пен Г.Е.Темірханова Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің бірлескен оқу бағдарламасының «Нанотехнология» бағыты бойынша Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде арнайы білім алып келді.

БелМУ басшылығы ШЫҰ желілік университетінің аясындағы ҚазҰУ-мен алғашқы тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты ҚазҰУ жанынан медициналық орталық құру Ниет-хатына қол қойды

03.06.2011

З маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Киммен кездесті. Кореядан келген делегация құрамында сонымен бірге Оңтүстік Кореядағы емхана басқармасы құрылыстарымен айналысатын компания өкілдері бар.

KHIDI Оңтүстік Кореядағы іргелі клиникалар мен жетекші ғылыми-зерттеу институттарын біріктіреді. Олардың негізгі жұмыс бағыттары денсаулық сақтау индустриясын жаңа медициналық технологиялармен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, медицина саласында жаңа тұжырымдар жасап мемлекеттік және халықаралық медициналық мекемелермен әріптестікті нығайту болып табылады.

Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан медициналық орталық құру әріптестігі барысында ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Ким Ниет-хатқа қол қойылды.

Ары қарай оқу >>

Желілік технологиялар бойынша «Cisco» студенттiк олимпиядасы өтеді

01.06.2011

«Cisco» студенттiк олимпиядасы «Cisco» желілік академиясы бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асады. Бұл желілік академиялық бағдарлама бүгінде 168 елде жұмыс iстейді. Бағдарлама теория және тәжiрибе бойынша жобалау, құрылыс, iргелi және жергiлiктi желiлерді танымал стандарттармен қолдануын әзiрлеу мамандарын даярлауға бағытталған. «Cisco» желілік академиясы оқытушылармен байланыс орната отырып, Web-пен сәйкестікті, үйретудің электрондық үлгісін (e-learning) қолданады. Ол жобалау, құрылыс және компъютер желiлерiнiң қызмет көрсету жаттығулары бар зертханалық жұмыстардан тұрады.

Ары қарай оқу >>

Білім берудің оңтайлы бағыттары басты назарда

31.05.2011

30 мамырдағы кезекті ректорат мәжілісінде Құзырлық ыңғайына негізделген модулді білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы жұмыс оқу жоспарларының дайындығы туралы оқу жұмысы жөніндегі проректор Г.Т.Балақаеваның ақпары, Арабтану кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зерттеу университетіне трансформациялану контекстінде деген тақырыпта кафедра меңгерушісі Г.Е.Нәдірованың хабарламасы, ҚазҰУ диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесін және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестердің құрамын бекіту туралы ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Т.С.Рамазановтың ақпары, Университет қызметкерлерінің шетелдік іс-сапарлары туралы есептері және Біліктілікке қатысты сұрақ. Университеттің бас ғалым хатшысы Л.М. Шайкенованың ақпар, баяндамалары қаралды.

Мәжілісте әдеттегідей, алдымен құттықтау рәсіміне кезек берілді. Онда VI универсиада да баскетболдан І орын иеленген студенттер университет тарапынан марапатталып, жеңімпаздар ректормен естелікке суретке түсті. Сондай-ақ, университет басшылығы мен университет декандарының атына келіп түскен алғыс хаттар да оқылды.

Ары қарай оқу >>

Алматыда «ҚазҰУ түлектерінің» күні аталып өтті

28.05.2011

28 мамырда студенттік кампус – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр. Алда бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетін болады.

Бұл күні ҚазҰУ қалашығында университеттің әр жылғы түлектері бас қосып, студенттік шақтың қызықты сәттерінен сыр бөлісті. «ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сонымен қатар бірнеше зиялы қауым өкілдері бар.

Одан кейін Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ҚазҰУ түлегінің күні» салтанатты түрде ашылды.

Ары қарай оқу >>