Жаңалықтар

«Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты ашық эдвайзерлік сағат өтті

10.12.2012

Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты және бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол - баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілеушілдікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан жетістігі – EXPO2017» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

10.12.2012

Философия және саясаттану факультетінде, жалпы және этникалық психология кафедрасы психология мамандығының 2 курс студенттерімен «Қазақстан жетістігі – EXPO2017» атты тақырыбында ұйымдастырған ашық тәрбие сағаты зерделі өтті. Ашық сабақта факултеттің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Нұрсұлу Сейіткерімқызы сөз сөйлеп, еліміз бен Елбасымыздың 20 жылдық жетістіктері жөнінде сөз қозғап, келешек буынға деген өзінің жылы лебізін, ниетін білдірді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен бақылау кеңесі өтті

08.12.2012

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кезекті бақылау кеңесінің отырысы өтті. Алматыға Бақылау кеңесінің отырысына келген Еліміздің білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚазҰУ-дағы Орталық Азияда орыны биік Ғылыми кітапхананың жұмыс барысымен танысты.

Ары қарай оқу >>

«Орындалмаған арман, ақталмаған үміт, баянсыз махаббат» атты шығармашылық кеш өтті

07.12.2012

№13 жатақханада университет ректоры Ғ.М.Мұтановтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы орайда, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында 1 курс магистранттары мен ОЗХТ – 404, 405 топ студенттерінің ұйымдастыруымен (куратор – эдвайзерлер: проф. Аубакиров Е.А., доц.Ташмұхамбетова Ж.Х.) Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» драмалық повесті негізінде «Орындалмаған арман, ақталмаған үміт, баянсыз махаббат» атты шығармашылық кеш өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың жас ғалымдары Назарбаев оқуларына қатысты

07.12.2012

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанттары, магистранттары - Назарбаев шәкіртақы иегерлері Бурлибаева Д., Копытина Д., Молдабеков Ж. және Оспанова З., Астана қаласында, «Назарбаев университетінде», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық форумына қатысты. Форумда белгілі саясаткерлер, сарапшылар 51 елдің ғалымдары қатысты. Форумның ғылыми бағдарламасы егеменді Қазақстанның дамуы мен құрлуына шешуші ықпалын тигізетін ұлт көшбасшысының бастамасымен байланысты.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде Қазақстан Тәуелсіздігі тарихын талқыламақ

06.12.2012

8 желтоқсан 2012 жылы сағат 11.00-де заң факультетінің 410 ауд. «Союз ради прогресса» студенттер клубы заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасымен бірігіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Жаңа аспаптар қолданысқа енеді

06.12.2012

7 желтоқсан cағат 16.00-де География және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің болашақ мамандығым!» атты кафедра күніне орай заманауи геодезиялық электронды аспаптардың тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер назарына! тілдер мен мәдениеттердің халықаралық студенттік қысқы фестивалі өтеді

06.12.2012

13 қараша 2012 күні сағат 11.00-де ЖОО дейінгі білім беру факультетінің акт залында Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Біз қонаққа шақырамыз!» атты тілдер мен мәдениеттердің халықаралық студенттік қысқы фестивалі өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да V Қабдолов оқулары өтеді

05.12.2012

7 желтоқсанда қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы «V Қабдолов оқулары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді. Конференция тақырыбы «Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері».


Ары қарай оқу >>