Жаңалықтар

ҚР Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясының 2012 жылғы иегерлері

27.12.2012

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым мен білім саласын дамытуда шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибеге сүйенудің маңыздылығын есепке ала отырып, университет профессорлық-оқытушылар құрамын халықаралық стипендиалық бағдарламаларға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясын тағайындау байқауына белсенді түрде қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Қазыналы ҚазҰУ қариялары бас қосты

26.12.2012

Қай заманда болсын қариялардың қазақ қоғамында алар орны өзгеше болған. Бүгінгі жаһандану дәуірінде де ақсақалдар сөзі салмақты, мәнді, маңызды. Халқымызда «Қариясы бар үйдің, Қазынасы бар деген» сөз бар. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы ұлағатты берік ұстанған. Осы орайда, 26 желтоқсан күні ақсақалдарға құрмет көрсетіп, олардың теңдессіз ақыл-кеңесін тыңдауға жол ашқан Ақсақалдар кеңесінің басқосуы өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.Мұтанов алтын медальмен марапатталды

25.12.2012

Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясы Президиумының Шешімімен (ЖМ ХҒА) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Білім және ғылым саласындағы көрнекті еңбегі үшін» атты атаулы алтын медальімен марапатталды. Жоғары марапатты ол Орта-Азиялық аймақ бойынша алғашқы болып иеленді. Академия мүшелері арасында мұндай марапатқа ие болған заманауи ғалымдардың арасында Нобель сыйлығының иегері Ж.И.Алферов бар.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері жетім балаларға жаңа жылдық концерт өткізеді

20.12.2012

«Жаңа жылға бірлесе сый тартайық!» - дәл осындай ұранмен жаңа жыл алдындағы күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің студенттері, «Шеврон» компаниясы және «Жастар жетістігі» қоғамдық қоры ұйымдастырған акция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Жолдау аясындағы жаңа жоба

19.12.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына өзіндік үн қосты. Университеттің оқытушы-профессорлық құрамының қызу қолдау көрсеткен лебіздері баспасөз беттерінде жарияланып үлгерді. Алайда жолдауды терең түсініп, кеңінен саралауға арналған ректорат мәжілісі 19 желтоқсанда өтті.

Ары қарай оқу >>

Елбасы Жолдауы – жастарды қолдауы

15.12.2012

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнады.Бұл жылғы Елбасы Жолдауы 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру идеясымен ерекшеленді. Расында, 2030 жылға жасалған жоспарлар өз мерзімінен бұрын орындалып, стратегияның қабылданар кезінде күмән келтірген халыққа мақсаткерлік нәтижесін дәлелдеп қана қоймай, еңбектеріне жаңа серпіліс беріп, жүректеріне жарқын болашаққа деген сенімді ұялатты десем артық айтпаспын. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуге бір қадам қалған шақта Елбасы бұл жетістіктердің барлығын мемлекет азаматарының еңбегі деп білетінін атап өтті. Сонымен қатар, ел болашағын қалыптастырып келе жатқан жас буын ұрпаққа: «Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»-деп жас жеткіншектерге ел болашағының жауапкершілігін жүктеді.

Ары қарай оқу >>

Ел дамуының жаңа межесі

15.12.2012

Қазақстан Республикасынң Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында ел халқына арнаған Жолдауының маңызы өте ерекше деп есептейміз. Себебі, бүгінгі таңда біздің тәуелсіз еліміз өз тарихының жаңа беттеріне күн санап ерен жетістіктермен, толағай табыстармен қарқынды қадам басуда. Елбасы атап өткендей, осындан 20 шақты жыл бұрын ғана әлем жұртшылығына аса танымал емес белгісіз елден біз әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды, қуатты, гүлденген және жасампаз мемлекет құруға қол жеткізе алдық. Әрине, еліміздің жетістіктері мен толағай табыстарының басында ең алдмен Елбасы тұлғасы тұр.

Н.А. Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен саяси көргендігінің нәтижесінде сол бір қиын-қыстау шақта ел дамуының «Қазақстан – 2030» стратегиясы түзілді. Күн санап алға қойған мақсаттарға табандылықпен жақындап келе жаттық. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық межесіне жеткен кезеңде біз аталған стратегиялық даму жоспарында көрсетілген мақсаттардың шын мәнінде жүзеге асқандығының куәсі болып отырмыз.

Ары қарай оқу >>

Табысты жетістіктер кемел келешекке бастайды

15.12.2012

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы – мемлекетіміздің тұтас рухы мен дәстүріне айналды. Әрбір жолдау Қазақстанның кемелділігі мен азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. 14 желтоқсанда Астана төрінде Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа бағдарламалық құжатты ел назарына ұсынды. Мазмұны тың, өрісі кең жаңа жолдау ел болашағы мен мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге бағытталған.

Осыдан 15 жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдаған болатын. Осы 15 жыл ішінде елімізде ауыз толтырып айтарлықтай, жемісті де жетістікті істер көп. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыз еркін еңбек етуде. Міне, осындай саяси мәні бар құжаттан соң өмірге талай-талай мемлекетіміздің қарыштап дамуына септігін тигізетін өміршең бағдарламалар дүниеге келді. «Қазақстан-2030» стратегиялық құжаты еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеп өріс алуына ауқымды жол ашты. Бағдарлама аясында қыруар шешімдер қабылданып, жүзеге асты, өзге мемлекеттер жүздеген жылдарда жеткен жетістіктерге Қазақстан ондаған жылдарда жетті. Бірақ әлемнің даму өрісі бір қалыпты емес және әрқилы. Биылғы Жолдаудың пісіп жетілуінде субстанциялық себеп болып, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты барша Қазақстан халқы мен Әлем елдеріне жолданды. Бағдарламада қалыптасқан Қазақстан Республикасының Әлемдік түрлі үдерістердегі келелі дамуы мен өркендеуі тайға таңба басқандай айқындалып берілді. Жолдаудың негізгі сипаты:

Ары қарай оқу >>