ҚазҰУ-да ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен бақылау кеңесі өтті

08.12.2012

Көрулер: 2543

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кезекті бақылау кеңесінің отырысы өтті. Алматыға Бақылау кеңесінің отырысына кездесуге келген Еліміздің білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚазҰУ-дағы Орталық Азияда орыны биік Ғылыми кітапхананың жұмыс барысымен танысты.

Білім қарашаңырағының есігінен енген бойда алғаш көзге түсетін жазу жолдары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастардың басты капиталы – сапалы білім» деген қанатты сөзі. Міне осы басты байлықтың «бастау бұлағы» кітапхана екені даусыз. Аталған ақыл кенішіне барған Бақытжан Жұмағұлов осы ордадағы қызметкерлермен жүздесіп, «Әл-Фараби» мұражайын тамашалады. Сонымен қатар әл-Фараби және Ө.Жолдасбеков ескерткішіне ерекше ілтипат білдірген бақылау кеңесінің мүшелері гүл шоқтарын қойды. Ал енді бүгінгі Қазақ Ұлттық университетінде құрылған бақылау кеңесінің басты тақырыптарының бірі білім жүйесіндегі тәрбиелік шара. Барлық баянды істерде бірінші қолдайтын бұл білім ордасы алдағы уақытта да қазақ еліне ерекше қабілетті мамандар даярлауда.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі