Жаңалықтар

Студенттер мен магистранттарға арналған конференция

26.11.2012

30 қарашада гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен жоғарғы курс студенттері және магистранттарға арналған “Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау: қазіргі жағдай және оның болашағы” атты тақырыпта конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың оқытушы профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

26.11.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, Гёттинген университетінің Құрметті профессоры Қ.Т. Жұмағұлов «Қазақстан мен Германия ғалымдарының қазіргі гуманитарлық зерттеулер жүйесіндегі өзара әрекеттестігі» атты баяндасымен Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткізілген «G-Global және жаңа әлемдік тәртіп» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында қатысып, сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ENACTUS форумы өтті

24.11.2012

15-17 қарашада 2012 ж. Алматы қаласында «Гранд Айсер» қонақ үйінде «Қоғамға пайда бірге келтірейік» атты Халықаралық ENACTUS форумы өтті. Форум АҚШ, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның ENACTUS Президенттерінің қатысты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері мен эдвайзерлері, «Ашық кафедра» меңгерушісі Л.Т. Қәріпбаева кәсіпкерлік студенттік бизнестің халықаралық тәжірибесін оқып білуде форумға белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» Форумына қатысушылардың Қазақстан жастарына арналған ҮНДЕУІ

22.11.2012

Біз, «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» Форумына қатысушылар! Жастар әрқашан кез келген қоғам мен мемлекеттің аса маңызды бөлігі болғандығына және әрқашан солай болып қала беретіндігіне сенімдіміз. Қазақстанның бірнеше жылдар мен онжылдықтардан кейін қандай болатындығы дәл біздің белсенділігімізге, мәдениетіміз бен жұмыс істей білу қабілеттімізге байланысты болмақ.

Ары қарай оқу >>

Желілік университеттердің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды

21.11.2012

2012 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі «ТМД желілік университеті» жобасының қазіргі жағдайы мен болашақ дамуы туралы талқылауға арналған халықаралық конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Ең үздік шығарма» байқауына қатысыңыз

20.11.2012

Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>