«Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты ашық эдвайзерлік сағат өтті

10.12.2012

Көрулер: 1907

Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты және бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол - баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілеушілдікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының 3 курс студенттері ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты ашық эдвайзерлік сағаты болып өтті. Кеш барысында студенттер Қайрат Рысқұлбеков пен Лаззат Асанова өмірінен үзінді көрініс көрсетті және Қазақстан Республикасының 21 жылда жеткен жетістіктерін слайд шоу арқылы таныстырды.

Метеорология және гидрология кафедрасы