«Қазақстан жетістігі – EXPO2017» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

10.12.2012

Көрулер: 4686

Философия және саясаттану факультетінде, жалпы және этникалық психология кафедрасы психология мамандығының 2 курс студенттерімен «Қазақстан жетістігі – EXPO2017» атты тақырыбында ұйымдастырған ашық тәрбие сағаты зерделі өтті. Ашық сабақта факултеттің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Нұрсұлу Сейіткерімқызы сөз сөйлеп, еліміз бен Елбасымыздың 20 жылдық жетістіктері жөнінде сөз қозғап, келешек буынға деген өзінің жылы лебізін, ниетін білдірді.

Ал студенттер өздерінің өнерлерін көрермендер ортасына паш етті. Мұнда Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бастап жеткен жетістіктері мен ұлы жемістері әртістік шеберліктер арқылы қойылым түрінде көрсетілді. Еліміздің денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, еңбекті қорғау, астанамыздың Алматыдан Астанаға ауысуы, бірегей теңге, конституция, рәміздеріміздің қабылдануы сонымен қатар Елбасын ұлықтау рәсімі, Халықаралық деңгейдегі ОБСЕ самиттің пен Азиаданың өтуі Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан бері жеткен жетістіктері ал ең басты кешегі Парижден келген сүйінші хабар Астана- EXPO2017 көрмесін жеңіп алуымыз Қазақстан Республикасының тағы бір тайға таңба басқандай жетістіктерінің бірегей нышанын көрсетті. Міне, осы аталған жетістіктер, жастар үшін қуаныш хабар әрдайым олардың көкейінде жүретіндігі анық. Студенттердің көрсеткен өнерлеріне психология ғылымдарының докторы, профессор С.Қ.Бердібаева, Н.Қ.Тоқсанбаева, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Э.К.Қалымбетова және Н.С. Жұбаназарова өздерінің ашық тілектерін білдірді.

Жалпы және этникалық психология кафедарасы