«Орындалмаған арман, ақталмаған үміт, баянсыз махаббат» атты шығармашылық кеш өтті

07.12.2012

Көрулер: 4170

№13 жатақханада университет ректоры Ғ.М.Мұтановтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы орайда, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында 1 курс магистранттары мен ОЗХТ – 404, 405 топ студенттерінің ұйымдастыруымен (куратор – эдвайзерлер: проф. Аубакиров Е.А., доц.Ташмұхамбетова Ж.Х.) Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» драмалық повесті негізінде «Орындалмаған арман, ақталмаған үміт, баянсыз махаббат» атты шығармашылық кеш өткізді.