"ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ "БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ.

05.03.2024

Көрулер: 144

2024 жылғы 1 наурызда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің қатысуымен 2024 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының доценті, ф.м.-ғ.к. А.О.Бекетаева "ЖОО – ның үздік оқытушысы-2023" байқауының жеңімпазы атанды.

Жыл сайынғы байқау оқытушылық кәсіптің беделін арттыруға және одан әрі дамуға ынталандыру арқылы кәсіби өсуді жандандыруға бағытталған.

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының үздік оқытушысы Әсел Орозалиевна Бекетаеваны құттықтаймыз! Оған кәсіби қызметте одан әрі табыс пен өркендеу тілейміз!