Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларын дамытуға цифрлық платформалар мен экожүйелердің әсері
Көрулер: 839
Торайғыров Университетінің «Экономика» кафедрасы жыл сайын экономикалық мамандықтар бойынша халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар сайысын өткізеді. Сайыстың мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін белсендіру және қарқындату, академиялық процестің сапасын және көпвекторлығын жоғарылату болып табылады. Осы жылы халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар сайысы «Қарқынды өзгеріп отыратын жаhандық геосаяси жағдайындағы ұлттық экономиканың тұрақты дамуы» тақырыбына өткізілді. Ғылыми жұмыстар сайысы екі секциялар бойынша өткізілді: 1) Заманауи дамудың негізгі тенденциялары және олардың ұлттық экономиканың тұрақтылығына әсері; 2) Тұрақты даму стратегиясы және салаларды цифрландыру.6В04103-Экономика білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Бердибаева Лиза және Дидарқызы Каракоз "Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларын дамытуға цифрлық платформалар мен экожүйелердің әсері" тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысымен осы халықаралық конкурсқа қатысып, 3 жүлделі орынға ие болды (ғылыми жетекшісі: Андабаева Гүлмира Кенжеғалиқызы, э.ғ.к., доцент). Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз.






