«Жақын болашақтағы өзекті дағдылар мен кәсіптер туралы» көшбасшылық дәрісі
Көрулер: 1363
16 наурыз күні экономика ғылымдарының докторы, Экономика кафедрасының профессоры Тулегенова Мадина Сакеновна «Экономика» мамандығының студенттеріне«Жақын болашақтағы өзекті дағдылар мен кәсіптер туралы» көшбасшылық дәрісін өткізді.
Кәсіби дағдылары мен құзыреттері бар маманды дайындауүшін кемінде 4 жыл қажет. Бірақ заманауи технологиядәуірінде нарық 15-20 жыл бұрынғыдан әлдеқайдажылдамырақ. Сондықтан сіз үнемі, үздіксіз білім алуыңызкерек. Бұл қазіргі білім берудің басты ерекшелігі.
Мадина Сакеновна экономика саласындағы әрқашансұранысқа ие мамандықтарды атап өтті:
1. Экономист-аналитик. Аналитикалық жазба барлықтексерулермен бірге жүреді және шешім қабылдау үшіннегізгі ақпарат болып табылады. Жүйелік талдауды кезкелген бухгалтер жасай алмайды.
2. Бренд-менеджер, жаңа тауарға сұраныс тудырушы маман(маркетолог+экономист+ менеджер бір адамда).
Студенттер сонымен қатар бүгінгі таңда барлық мамандарүшін маңызды болып табылатын soft skills – «жұмсақдағдыларды» талқылады. Олар тұлғаның дамуына, мансаптық өсуіне және кез келген саладағы жұмыстыңтиімділігін арттыруға ықпал ететіндіктен транскәсіби деп театалады.






