Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық эссе байқауы

03.12.2021

Көрулер: 1745

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Экономика" кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Өз сөзіңмен: тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан экономикасының жетістіктері мен даму перспективалары" атты республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау 2021 жылдың 25 қазаны мен 25 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары арасында өтті. 

Байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; жастардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; ғылыми ізденіске қызығушылықты дамыту; академиялық және достық қарым-қатынастарды нығайту.

Қазақстанның әр өңірінен барлығы 57 жұмыс келіп түсті. Комиссия үздік 6 жұмысты іріктеп алды. Іріктеудің критерийлері өзіндік ерекшелігі, өз пікірі, ұсыныстарды логикалық түрде құру мүмкіндігі және презентация сауаттылығы болды. 

Жеңімпаздарды марапаттау 3 желтоқсанда ZOOM платформасында өтті. Байқаудың жеңімпаздары:

I орын – Усманов Аким Юлдашевич

II орын – Ахмет Алима Тимурқызы

ІІ орын – Лопатченко Таисия Сергеевна

III орын – Карен Ару Ертайқызы

III орын – Джубалиев Дамир

III орын – Кыдырбай Алан Бахтиярулы

Жеңімпаздар атаулы дипломдармен, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ логотипі бар сыйлықтармен марапатталды. Қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғыс айтамыз!