Халықаралық ынтымақтастық және нетворкинг

29.11.2021

Көрулер: 1928

2021 жылдың 18-19 қарашасында ЭжБЖМ"Экономика" кафедрасының меңгерушісі Ғ.Р. Даулиева EXPO-2020 Dubai Қазақстан павильонында ҚР Үкіметінің қолдауымен өткен Қазақстанның, Орталық Азия елдерінің, АҚШ-тың, Испанияның және әлемнің басқа елдерінің қоғам қайраткерлерінің, креативті бизнес-вумен және әлеуметтік кәсіпкерлерінің бірінші халықаралық форумының жұмысына қатысты. Форум жұмысына қатысу "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2020" мемлекеттік гранты есебінен қаржыландырылды

Бұл форум - Қазақстанның жетекші коучтары мен менторларының, сондай-ақ даму саласындағы шетелдік тәуелсіз сарапшылардың басын қосқан трансформациялар және жедел ұлғаймалы өзгерістер әлеміндегі басты оқиғалардың бірі. Сонымен қатар, форум жұмысына Қазақстанда, Орталық Азияның басқа елдерінде және БАӘ-де өмірдің барлық салаларында коучинг технологияларын қолдануға байланысты өзекті мәселелерді талқылау үшін белгілі саяси көшбасшылар, қоғам қайраткерлері, ірі компаниялардың басшылары қатысты.

Форумның хедлайнерлері Гарри МакДэниел PhD, Franklin University, HR саласындағы профессор, ICU кеңесінің мүшесіICU мастер-тренер; Михаил Дернаковский - ICU Кеңесінің мүшесі, ICU мастер-тренер, Беларусь, Ресей, Украина, Балтық жағалауындағы ICU коучинг институттарының жетекшісі; Энрике Хименес Солер - ICU Президенті (Испания, Латын Америкасы), ICU Университетінің Президенті, ICU Кеңесінің мүшесі; Илья Шмелев - PhD, Certified Professional Master Trainer ICU, Certified Professional Master and Trainer of Coaching and Executive Coach, "Экономика Жоғары Мектебі" Ұлттық Зерттеу университетінің аға оқытушысы, Ғалия Бағдат - Қазақстандағы ProfessionalCoachICU Халықаралық қауымдастығының директоры,"Бизнес, қоғам және мемлекет байланыстары жөніндегі ассоциациясы" ЗТБ вице-президенті; Аяжан Өтеуова - "Бизнес, қоғам және мемлекет байланыстары жөніндегі ассоциациясы" ЗТБ президенті, «Зерттеу және консалтинг орталығының"жетекшісі.

Форумның "Өзгерістер және инновациялар кезеңіндегі коучинг: табысты мемлекет, әртараптандырылған бизнес және азаматтық қоғам" тақырыбы EXPO-2020-ның "Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты жасай отырып" басты слоганымен үндес болды және VUCA - әлемі мен экономиканың турбуленттілігі жағдайында экономиканың негізгі субъектілерінің теңгерімді өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылауға бағытталды. Форум нетворкинг, халықаралық коллаборация, тәжірибе алмасу және білім берудегі коучинг технологиясы саласында біліктілікті арттыру үшін тиімді алаң құрды. Жаңа сын-қатерлер білім беру үдерісіне жаңа талаптар қояды. Білім берудегі коучинг қазіргі заманғы оқыту тәсілдерінің бірібілім алушылардың қызығушылықтарынтудырып, мотивацияны және нәтижелер үшін жауапкершілікті арттырады.

Форумға қатысушылардың кәсіби және бейресми қарым-қатынасы ортақ мақсатты – өзгерістер мен инновациялар кезеңінде сын-тегеуріндерге жауап беретін бірлескен тәсілдерді табуды көздеді.