Кафедра жаңалықтары

Алматыда жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында футзалдан қалалық деңгейдегі турнир өтті

19.11.2022

Турнир нәтижесі бойынша Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің «Темір тұлпар» командасы финалда 4:3 есебімен Қазақ қатынас жолдары университетінің «Локомотив» командасын ұтқан. Турнирдің қола жүлдесін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика кафедрасының студенттерінен құралған команда жеңіп алды.

 

- Қалалық деңгейде өткен футзал турнирында үздік үштікте болғанымызға өте қуаныштымыз. Осындай спорттық мереке үшін ұйымдастырушыларға рахмет. Осындай турнирлердің жиі өткізіліп тұрғанын қалаймын, - деп өз қуанышымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Цифрлық экономика» мамандығының студенті Смағұл Жандос бөлісті.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және кубокпен марапатталды. Сонымен қатар, үздік ойыншылар келесі номинациялар бойынша дипломдарға ие болды: «Үздік ойыншы» - Миннадыгер Гариф, «Үздік жас ойыншы» - Серікбай Ханзат, «Үздік бомбардир» - Пернебек Даниал, «Үздік қақпашы» - Бурданов Дмитрий, «Үздік қорғаушы» - Аманжолов Елдос , «Үздік жартылай қорғаушы» - Ақанұлы Дархан және «Үздік шабуылшы» - Қыдырбаев Ағытай,

 

Ұйымдастырушылар: Нұрғазы Шыңғыс, Парманкулова Индира, Салибекова Перизат, Есенгелдиева Гульмира

Ары қарай оқу >>

Әлемдегі саяси-экономикалық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан дамуының жаңа бағыты

19.11.2022

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен 15.11.2022ж. факультеттің магистранттары мен студенттері және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарының қатысуымен Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми практикалық семинары өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан болашағына көзқарас

15.11.2022

 «Экономика» кафедрасының кураторлары Иляшова Г.К. және Тұраров Д.Р. 2 курс студенттерімен «Қазақстан болашағына көзқарас» атты дөңгелек үстел өткізілді. Егемендік - көптеген ұлттар мен халықтардың мәңгілік асқақ арманы да, мақсаты да болды. Бабаларымыз да «Егемен болмай ел болмас,» деп, осынау ұлан-ғайыр даланы иемденген халқының тәуелсіз ел болып, өзгелермен терезесі тең, жеке мемлекет болғанын армандап өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақ КСР-інің «Мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылдаған күнді ресми мереке етіп сайлағандығынан барлығымыз хабардармыз. Егемендік - ел еңсесін көтеріп, тәуелсіздігіне тұғыр болатын, болашағын баянды ететін және өткенінен өнегелі өсиет алуға жеткізетін маңыздыққа ие.

Ары қарай оқу >>

Әділетті экономика: Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтары

15.11.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес факультеті «Экономика» кафедрасы 2022 жылдың 10 қараша күні «Әділетті экономика: Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтары» тақырыбында Л.М.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті магистранттарының қатысуымен республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысқан Л.М.Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономика» мамандығының 2 курс магистранттары: Елеусиз А.К., Бауыржан Ж., Елеусинова А.Б., Дидарқызы Қ., Исаев А., Оспан К., Журавлев А.Ф., Королев П.О. қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Әділетті Қазақстан», «Әділетті Қоғам», «Әділетті экономика» мәселелері бойынша қатысушылар өз көзқарастарымен бөлісті.

Қазіргі кезде азаматтардың табысы экономикалық әлеуетімізбен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бұл ахуал, негізінен, Қазақстанда шикізатты ауқымды өңдеу ісінің жолға қойылмауына байланысты қалыптасты. Сондықтан дайын өнім шығару үшін бизнеске қолжетімді шикізат жеткізуді қамтамасыз етеміз. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Экономиканың барлық саласында тұрақты жұмыс орындары ашылады. Барлық өңірді кешенді дамытуға ерекше назар аударылады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Г.Р., кафедраның аға оқытушылары Иляшова Г.К., Кулиев И.У., Тураров Д.Р.

Ары қарай оқу >>

Менің арманымдағы Қазақстан болашағы

03.11.2022

2022 жылдың 13-22 қазан аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы Республика күніне арналған 8-11 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан болашағы» атты республикалық эссе байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; жастардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; ғылыми зерттеулерге қызығушылықты дамыту; академиялық және достық қарым-қатынастарды нығайту.

Қазақстанның 7 өңірінен (Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Абай облысы, Алматы облысы, Павлодар облысы) барлығы 43 жұмыс келіп түсті. Жұмыстар үш тілде қабылданды, жұмыстардың 40% орыс тілінде, 35% қазақ тілінде, 25% ағылшын тілінде жазылған.

Экономика кафедрасының оқытушылары арасынан конкурстық комиссия құрылып, ол келесі критерийлер бойынша үздік жұмыстарды таңдады: ерекшелігі, өзіндік пікірі, логикалық сөйлем құра білуі, сауаттылығы.

22 қазан күні байқау жеңімпаздары онлайн түрде марапатталды. Жеңімпаздарды Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Бимендиева Лейла Әбдірашқызы атаулы дипломдармен марапаттады.

Эссе байқауының нәтижелері:

І орын – Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Умарбеков Искандер Нурланович;

ІІ орын – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Изимбергенов Малик Буранович;

ІІ орын – Павлодар облысы, Екібастұз қаласы «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебінің 9 сынып оқушысы Оразбекова Алина Казбековна.

ІІ орын – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Марат Айжан;

ІІІ орын – Алматы қаласы №46 гимназияның 10 сынып оқушысы Федорова Илона;

ІІІ орын – Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №19 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Кенизбаева Фатима Алтаевна;

ІІІ орын – Абай облысы, Семей қаласы №35 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Акашева Еркежан.

Жеңімпаздарға атаулы дипломдардан басқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ логотипі бар сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың барлық қатысушылары қатысқандары үшін сертификаттар алды.

Ары қарай оқу >>

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары

03.11.2022

Экономика кафедрасының ұйымдастыруымен жұмыс беруші «Support Agency» ЖШС-нің бас директоры және құрылтайшысы Әлібек Сәлпеков пен студенттер арасында «Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары» тақырыбында кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы - «Желмен өткен» шығармасы

28.10.2022

«100 кітап» жобасын жүзеге асыру аясында «Экономика» мамандығының студенттері эдвайзер Г.К. Андабаевамен Маргарет Митчеллдің «Желмен өткен» шығармасы бойынша кураторлық сағат өткізді. Америкалық Маргарет Митчеллдің әйгілі романы «Желмен өткен» 1936 жылы жарық көрді және бірден әлемдік бестселлерге айналды. Роман Пулитцер сыйлығымен марапатталған, 1937 жылға дейін ол 31 рет қайта басылды, ал 1939 жылы фильм шықты, бұл басты кейіпкердің бейнесін культке айналдырды. Бұл үлкен әдеби эпопея тұтас бір дәуірдің символына айналды, өйткені ол 1860 жылдардағы АҚШ-тың оңтүстік штаттарының өмірін сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар адамның төзімділігі мен батылдығын жырлайды.

Ары қарай оқу >>