7M11401 Әлеуметтік жұмыс

Білім беру

бағдарламасының атауы

7M11401 Әлеуметтік жұмыс

Білім саласы

7M11 Қызметтер 

Дайындық бағыты

7M114 Әлеуметтік жұмыс

Білім беру

бағдарламаларының тобы

M146 Әлеуметтік жұмыс

БББ мақсаты

Әлеуметтік жұмыс саласындағы теориялық және қолданбалы сипаттағы білімі бар, кәсібилігі жоғары және бәсекеге қабілетті мамандардың іргелі ғылыми-практикалық дайындығын, әлеуметтік ортада салауатты өмір салтын қалыптастырумен және алдын алу қызметін ұйымдастырумен байланысты міндеттерді кәсіби шеше алатын, адамның қоғамдағы өмір сүруіне лайықты жағдайларды жасау арқылы қалыпты әлеуметтік қызмет етуді қамтамасыз ету.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

  1. Практикалық-бағдарлы модельді, трансдисциплинарлық бағыттар мен техникаларды пайдалана отырып, оның әдістері мен технологияларын бағалау негізінде әлеуметтік жұмыс саласында зерттеулер жүргізу
  2. Клиентпен қарым - қатынас жасаудың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық аспектілері негізінде диагностикалық бақылау жүргізу; Клиентпен қарым - қатынас жасаудың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық аспектілері негізінде диагностикалық бақылау жүргізу
  3. Клиентті қолдау ресурстарын жұмылдыруға бағытталған консультациялық қызметтер көрсету
  4. Әртүрлі тәуелділік, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ілгерілету мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асыру
  5. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды оңалту және әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламаларын әзірлеу
  6. Мемлекеттік басқару органдарының делдалдық жұмысын, әлеуметтік саясат, халықты әлеуметтік қорғау саласында ұйымдастыру-басқару және әкімшілік жұмыстарды жүргізу тәсілдерін жүзеге асыруға жәрдемдесу
  7. Клиентке өмірлік қиын жағдайдың ерекшелігін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақылар, атаулы әлеуметтік көмек беруге көмек көрсету;
  8. Әлеуметтік жұмыстағы менеджментті қолдана отырып, әлеуметтік қызметтерді, олардың қызмет процестерін басқару
  9. Іс жүргізу саласындағы мемлекеттік стандарттарды қолдана отырып, клиенттердің ілеспе құжаттарын ресімдеу
  10. Білім беру және тәрбие бағдарламаларын, жобаларын әзірлеу сонымен қатар, практикалық ғылыми-зерттеу және психологиялық-педагогикалық қызметке дайын болу
  11. Әлеуметтік жұмыс саласындағы оқу пәндері бойынша әдістемелік сүйемелдеуді әзірлеу және мультимедиялық, инновациялық технологияларды пайдалана отырып теориялық және практикалық сабақтар өткізу
  12. Әлеуметтік қызметкер Кодексінің моральдық және этикалық принциптерін, клиентке қатысты жоғары азаматтық ұстанымды сақтай отырып, командада жұмыс істеу дағдыларын қолдана отырып, клиенттермен қарым-қатынас қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жеке қасиеттерін пайдалану

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/2055