7M01802 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Білім беру бағдарламасының атауы

7M01802 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Білім саласы

7M01 Педагогикалық ғылымдар

Дайындық бағыты

7M018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

M020 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау

БББ мақсаты

Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет пен және "Өзін-өзі тануды" оқытуды жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті білім беру мен ғылыми сала үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды педагогикалық ғылым мен өзін-өзі танудың жаңа тұжырымдамалары мен әдіснамасын білу негізінде сапалы даярлау; білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуына, білім беру мекемесінің әлеуметтік саласын үйлестіруге ықпал ету; білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оқушыларды рухани-адамгершілік дамытуға және қоғамға қызмет етуге ықпал жасау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның төмендегідей кәсіби тұлғасын дамытуға бағытталған:

- гуманды педагогика, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танудың жаңа теорияларының заманауи білімдерін терең түсіндіру және жалпылау;

- әлеуметтік-педагогикалық ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, аралас ғылыми аймақтардың білімін жеке ғылыми зерттеу контекстіне біріктіру, өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да хабарлау;

- білім беруде жеке тұлғаны диагностикалау, алдын алу, әлеуметтік оңалту бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметті бағалау және жетілдіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында әлеуметтік қызметтердің іс-әрекетін талдау және жетілдіру;

- өзін-өзі тану және гуманды педагогика құндылықтары негізінде оқушыларды адамгершілік-рухани білім алуға шабыттандыру, әлеуметтік-педагогикалық пәндерді және өзін-өзі тануды оқытудың классикалық және инновациялық стратегиялары мен әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;

- одан әрі оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзіндік бағдарламасын құру.

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

  1. ғылымды дамытудың тарихи-философиялық білімін, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру принциптерін, ғылыми білімге қол жеткізу және құру тәсілдерін талдау және пайдалану;
  2. әлеуметтік-педагогикалық әдіснаманың ұғымдық аппаратына сүйену, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танудағы әдіснамалық тұғырлар, принциптер мен әдістерді қолдану, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру;
  3. өмірлік қиын жағдайларда жүрген тұлғаны дамыту мен әлеуметтік-педагогикалық оңалтудың жалпы және жеке бағдарламаларын жобалау, патронаттық тәрбиелеу, қамқорлық және көмек көрсету бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыру және талдау;
  4. өзін-өзі тану және гуманды педагогика құндылықтары негізінде оқушыларды зайырлы рухани-адамгершілік білімге шабыттандыру, тұлғаны дамыту үшін өзін-өзі тануды оқытудың инновациялық стратегиялары мен әдістерін креативті қолдану және әзірлеу;
  5. кредиттік оқыту жүйесі жағдайында жоғары мектептің тәрбие теориясы мен дидактикасы білім негізінде ЖОО-да педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру, оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа тәсілдер мен әдістерді іздестіруді жүзеге асыру;
  6. жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жобалау, талдау және бағалау, мектеп, колледж және жоғары оқу орнында оқытуда әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мазмұнын құрылымдау;
  7. акмеология және өмірлік дағдыларды, әлеуметтік құзыреттілікті және эмоциялық тұрақтылықты дамыту бойынша кеңестер, кәсіби әңгімелесулер, тренингтер және т.б. өткізу;
  8. балалар мен оқушы жастардың әлеуметтенуі мен жеке даму үрдістерін талдау және түзету, девиантты мінез-құлықты оқушыларды әлеуметтік қолдау, түзету/қолдау және дамыту бағдарламаларын құрастыру, оқушының әлеуметтік құнды қызметін әзірлеу және іске асыруға, әлеуметтік-педагогикалық бастамалар мен жобаларды дамытуға қатысу, жеке тұлғаны қолдау бойынша әлеуметтік ұйымдармен әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға бастамашылық жасау;
  9. жеке тұлға мен ұжымның маңызды әлеуметтік-педагогикалық сипаттамаларына диагностикалық зерттеулер жүргізу; топтық құбылыстар мен үдерістерді басқарудың әлеуметтік-педагогикалық тетіктерін пайдалану, білім беру ұйымдарының әлеуметтік қызметтерінің іс-әрекетін жүйелі бағалау және оларды жетілдіру;
  10. оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) өзара қарым-қатынасты жоспарлау және іске асыру, оның ішінде бос уақыт іс-шараларын өткізу арқылы, отбасының әр түрлі санаттарымен өзара әрекеттесудің әлеуметтік-педагогикалық технологияларын меңгеру және жетілдіру;
  11. білім ақпараттандыру аймағында зерттеулер жүргізу, дамытуды қамтамасыз ету үшін жаңа модельдерді, жүйелерді ұсыну және қазіргі заманғы ғылым тұғырларын қолдана отырып, әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру және қолданбалы қолданыс үшін қорытындылар мен ұсыныстарды жасау;
  12. болашақтағы оқыту мен ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің өзіндік бағдарламасын құру, ғылыми-педагогикалық ақпаратты сын тұрғысынан бағалау және сараптау; халықаралық қоғамдастықта араласу, өзінің ғылыми жетістіктерін көрсету.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1390