7M03110 Саясаттану

Білім беру бағдарламасының атауы

7M03110 Саясаттану

Білім саласы

7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Дайындық бағыты

7M031 Әлеуметтік ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

M063 Саясаттану және конфликтология

БББ мақсаты

Халықаралық академиялық стандарттарға, саяси ғылымның және аралас ғылыми салалардың жаңа жетістіктеріне сәйкес жоғары оқу орындарында жария саясат, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету. ББ түлектері қазіргі заманғы ішкі саяси және сыртқы саяси проблемалардың жай-күйін талдауға, қорытуға, сын тұрғысынан бағалауға, саяси талдау мен болжаудың қазіргі заманғы технологиялары мен практикалық техникаларын меңгеруге, қоғамдық саяси қызметтің жеке бағдарламасын құруға, мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам институттарында шешімдер қабылдауға қабілетті болады .ҚР немесе басқа елде ғылыми дәреже алу үшін оқуға дайындығын көрсету.

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

  1. саяси ғылымның және онымен аралас салалардың қазіргі жай-күйін, жеке ғылыми зерттеулер саласын және кәсіби тәжірибе саласын қамтитын проблемаларды, көзқарастар мен үрдістерді терең білуін көрсету;
  2. жаңа білімді жасау және түсіндіру үшін саяси ғылымдағы ғылыми зерттеулердің қазіргі білімі мен әдістерін қолдануды табу;
  3. саяси ғылым саласындағы заманауи ғылыми мектептерді, ғылыми ізденістерді және теорияларды сыни бағалауға мүмкіндік беретін жүйелі түсінікке ие болу;
  4. өзінің ғылыми зерттеулеріне қолданылатын саяси талдаудың әдістерін, тәсілдерін және техникаларын игеру, ішкі саясат пен халықаралық қатынастар фактілері бойынша алынған нәтижелерді сыни талдау және түсіндіру;
  5. күрделі қоғамдық-саяси проблемаларды шешуде жүйелі және креативті тәсілді көрсету, толық деректер болмаған жағдайда негізделген қорытынды жасау және өз қорытындыларын мамандар үшін де, кәсіби емес аудитория үшін де баяндау;
  6. мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық-саяси ұйымдардағы басқару үдерістерін бағалау, міндеттерді кәсіби деңгейде өз бетінше жоспарлау және шешу, өздігінен білім алуға және мансаптық өсуге дайын болу;
  7. жаңа және бейтаныс мән-мәтіндерде саяси мәселелердің ғылыми негізделген технологиялық шешімін табу;
  8. саяси сараптамаларды, саяси диагностиканы жүзеге асыру, саяси процестердің болжамдарын өз бетінше жасау, бұқаралық сараптамалық қызметке қатысу;
  9. қоғам өміріндегі өзекті оқиғаларды және олардың жаңа көзқарастарын анықтау, саяси шешімдер қабылдау үшін деректер базасын құру, оларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  10. стратегиялық және тактикалық сипаттағы саяси-құқықтық құжаттарды әзірлеу, жоспарларға, жобаларға, жағдайларға және ықтимал тәуекелдерге және қойылған міндеттер шеңберінде жұмыстарды орындау нәтижелеріне баға беру;
  11. кеңес беру қызметтерін көрсету және саяси партияларды, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-құрылымдарды, БАҚ және саяси процестің басқа да акторларын талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
  12. жоғары мектепте білім беру қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру үдерісінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1364