7M02203 Дінтану

Білім беру бағдарламасының атауы

7M02203 Дінтану

Білім саласы

6М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Дайындық бағыты

7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

M051 Дінтану және теология

БББ мақсаты

Бағдарламаның мақсаты - мемлекеттік, ғылыми, оқытушылық, сараптамалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық жұмыс және консалтинг салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлау. Пәнаралық зерттеулердің ғылыми мәселелерін дінтанулық таным тұрғысынан шешу қабілеттерін қалыптастыру; діни зерттеу әдістерінің техникасын, мәдениеттанулық әдістерді, мәдениетаралық және конфессияаралық мәселелерді бейнелеу әдістерін қолдану, мәдениетаралық аударма процестерін түсіндіру. Өз бетінше ғылыми жобаларды топтық және жеке тұрғыда жүзеге асыру, нақты жағдайларға байланысты өз бетінше шешім қабылдау, қиын жағдайларда мақсат қоюға құқылы; өз іс-әрекеттерін талдау, мәселені анықтау, қарама-қайшылықтарды тұжырымдау, баяндама, мақала дайындау.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

  1. Жасап шығарылған және бекітілген әдістемелік нұсқаулықтар талаптарын ескере отырып өз бетінше семинар және практикалық, лабораториялық сабақтарды жүргізу;
  2. Тәрбие үдерісін Қазақстанның ұлттық басымдықтарын ескере отырып құру;
  3. Контрагенттермен келіссөз, іскерлік хат алмасу жүргізу, зерттеу топтарының қызметін жүйелеу;
  4. Әлеуметтік жобаларды жасап шығару ісіндегі инновациялық қызметтің тәуекелдерді талдау құралдары пайдалану;
  5. Жаңа және кемелдендірілген өнім жасау үшін ғылыми салада кездесетін инновациялық интеллектуалды қызмет шығындарын бағалау және қауіпті жағдайларды модельдеу;
  6. Дінтанулық сараптама жасау және сараптамалық қорытындыны рәсімдеу;
  7. Дінтану мәселелерінің сипаты мен ерекшелігін айқындау және қазіргі қоғамдағы діни құбылыстардың маңыздылығын, сонымен қатар қазіргі заманғы интеграциялық процестердегі дінтанудың рөлін сыни тұрғыдан талдау;
  8. Әлемдік және қазақстандық дінтанудың негізгі заманауи тұжырымдамаларына, олардың негізгі авторларына, мектептері мен бағыттарына, олардың арасындағы концептуалды айырмашылықтарға, қазіргі діни зерттеулердің негізгі мазмұнына сәйкес діни процестердің даму кезеңдерін саралау;
  9. Сапалы жаңа дінтанулық білім алу мақсатында мәліметтерді жинақтау, өңдеу, сақтау және талдауды қамтамасыз ететін ақпараттық-аналитикалық жүйелермен жұмыс істеу;
  10. Қазақстан және шетелдік дінтану тарихы саласында әртүрлі типтегі (зерттеу жобасы, ғылыми мақала, диссертация және т.б.) ғылыми жобалауды жүзеге асыру;
  11. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әртүрлі мемлекеттік ұйымдарда, қоғамдық ұйымдарда, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдарда дінге қатысты кеңестер беру, өңдеулер жасау және материалдар ұсыну;
  12. Жағдайды талдау, жұмысты жақсарту бойынша креативті және инновациялық ұсыныстарды беру және басқару шешімдерін қабылдау.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1376