7M02205 Исламтану

Білім беру бағдарламасының атауы

7M02205 Исламтану

Білім саласы

7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Дайындық бағыты

7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

M052 Исламтану

БББ мақсаты

Білім беру бағдарламасы заманауи элитарлық жоғары білімге ие және бәсекеге қабілетті исламтанушы магистранттарды даярлауға, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын, жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктерін қалыптастыруға, поликонфессионалды қазақстандық мәдениетті нығайтуға бағытталған.

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

  1. Заманауи исламтанулық мәселелер ерекшелігін, табиғатын анықтау және қазіргі қоғамдағы діни және иламдық құбылыстар мәнін талдау, сонымен қатар заманауи интеграциялық үдерістердегі исламтанудың ролін анықтау;
  2. Әлемдік және қазақстандық исламтанудың негізгі заманауи концепциялары бойынша кәсіби машықтану, олардың негізгі өкілдерін, мектептерін білу, олардың арасындағы концептуалды айырмашылықтарына, қазіргі замандағы ислам дискуссиялар құрамына бағдарлану;
  3. Ғылыми-зерттеу қызмет барысындатерең кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешу;
  4. Ежелгі, ұлттық және әлемдік діндерде дамитын әртүрлі адам концепцияларының жалпы және ерекше қырларын анықтау, сонымен бірге қазіргі исламдық ілімнің негізгі парадигмаларында бағдарлану;
  5. Қажетті зерттеу әдістерін таңдау, бар әдістерді модификациялау және белгілі бір зерттеу мәселесіне қарай жаңа әдістерді өңдеу;
  6. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани-мәдени даму тенденцияларының ғылыми талдауы негізінде исламтанулық, дінтанулық, философиялық, әлеуметтік-саяси және ғылыми әдебиетті талдау;
  7. Әртүрлі ұлттық дәстүрлердегі ислам тәжірибесі феноменін академиялық исламтану позициясы тұрғысынан бағалау;
  8. Орындалған жұмыс нәтижелерін ғылыми жұмыс рәсімдеу талаптарына сай есеп, реферат, ғылыми мақалалар түрінді көрсету;
  9. Исламтану оқыту әдіснама, қазақстандық және щетелдік исламтану саласында кәсіби білімді қолдану;
  10. Батыс және Шығыс исламдық және діни-философиялық ой ерекшеліктерінің қырларын, соның ішінде исламды жәе діни философия салыстырмалы интерпретациялау, исламдық қасиетті мәтіндерін талдау;
  11. Бұқаралық ақпараттық құралдардағы, әртүрлі саладағы мемлекеттік мекемелердегі, қоғамдық ұйымдардағы, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардағы ислам туралы ақпаратқа кеңес беру, өңдеу және дайындау;
  12. Исламтану саласында біліктілік, кәсіби білім және машықтарды талап ететін ғылыми жобалар дайындауда қатысу.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1381