7M03107 Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік

Білім беру

бағдарламасының атауы

7M03107 Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік

Білім саласы

7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Дайындық бағыты

7M031 Әлеуметтік ғылымдар

Білім беру

бағдарламаларының тобы

M063 Саясаттану және конфликтология

БББ мақсаты

- Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жоғары оқу орындарында мемлекеттік билік пен басқару саласы, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету.

- Түлектер теориялық және эксперименттік негізде, стратегиялық жоспарлаудың, мемлекеттік әкімшілік пен саяси менеджменттің жаңа жетістіктеріне, аралас ғылыми салаларға негізделген терең жүйелі білім алуы тиіс.

- Мемлекеттік қызмет пен басқару мәселелерін шешуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және саяси коммуникацияларды дамытуға байланысты кәсіби дағдыларды қалыптастыру.

- Мемлекеттік қызметтегі басқарудың, саяси талдау мен болжаудың қазіргі заманғы технологияларын меңгеруді қамтамасыз ету.

- Білім алушылардың бойында ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, қазіргі заманғы мемлекеттік және қоғамдық мәселелердің жағдайын талдау, қорыту және сыни бағалау, болашақ кәсіби қызметтің бағытын саналы таңдау, таңдаған салада табысты жұмысқа орналасу қабілетін қалыптастыру.

- Түлектер терең теориялық және практикалық және бірегей нәтижені қамтамасыз ететін техникаларды талап ететін ғылыми жобаны орындауы тиіс.

- Бітірушілер Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің кез келген жетекші университетінде ғылыми дәреже алу үшін, ұлттық, өңірлік және жергілікті басқару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білімді қолдануға негізделген мемлекеттік билік және басқару органдарында басқару функцияларын жүзеге асыру үшін оқуға дайындалуы тиіс.

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

  1. мемлекеттік басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жай-күйін, жеке ғылыми зерттеулер саласын және кәсіптік практика саласын көрсететін проблемаларды, көзқарастар мен үрдістерді терең білуін көрсету;
  2. зерттеулер мен талдаудың қазіргі әдістері жаңа білімді жасау және түсіндіру үшін қалай қолданылатынын түсінумен қатар, бар білімдерді оңтайлы қолдана алу;
  3. мемлекеттік басқару және менеджмент саласындағы заманауи ғылыми мектептерді, ғылыми ізденістерді және теорияларды сыни бағалауға мүмкіндік беретін жүйелі түсінікке ие болу;
  4. өзінің ғылыми зерттеулеріне қолданылатын әдістерді, тәсілдерді және техникаларды меңгеру, сыни талдау және алынған нәтижелерді түсіндіру, жаңа гипотезалар ұсыну;
  5. күрделі қоғамдық-саяси проблемаларды шешуде жүйелі және креативті тәсілді көрсету, толық деректер болмаған жағдайда негізделген қорытынды жасау және өз қорытындыларын мамандар үшін де, кәсіби емес аудитория үшін де баяндау;
  6. мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдардағы басқару процестерін бағалау, міндеттерді кәсіби деңгейде өз бетінше жоспарлау және шешу; өздігінен білім алуға және мансаптық өсуге дайын болу;
  7. жаңа және бейтаныс мәнмәтіндерде қазіргі халықаралық қатынастар дискурсында мемлекеттік бағдарламаларды басқару және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ғылыми негізделген технологиялық шешімдер табу;
  8. саяси сараптамаларды, саяси диагностиканы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық секторлардың дамуындағы дағдарыстар мен қауіп-қатерлерге дербес болжам жасау;
  9. стратегиялық және тактикалық сипаттағы мемлекеттік бағдарламаларды, тәуекелдерді басқару және дағдарысқа қарсы даму жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, PR-технологияларды тиімді пайдалану;
  10. мемлекеттік шешімдер қабылдау және әлеуметтік-саяси жағдайларды талдау үшін деректер базасын құру, оларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  11. консалтингтік қызметтер көрсету және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және қоғамдық-саяси үдерістің басқа да акторларының қызметінде талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
  12. жоғары мектепте білім беру қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1365