8D05104 - Генетика

Білім беру бағдарламасы

8D05104 - Генетика

Білім саласы

8D05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

8D051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламасының тобы

D081 - Генетика

БББ мақсаты

Бағдарлама жалпы және молекулалық генетика, гендік және клеткалық инженерия саласындағы сыни ойлау мен білімі бар маманның тұлғасын қалыптастыруға; әртүрлі кәсіби көздерден алынған генетикалық деректер базасымен жұмыс істей алатын; жүйелі, молекулалық және популяциялық талдау жүргізуге және алынған эксперименттік деректердің статистикалық мәнділік бағасын бере алатын; генетикалық тақырыптар бойынша пікірталасқа қосыла алатын, заманауи генетика мәселесі бойынша ғылыми көзқарастарын дәлелдей алатын; пәнаралық және көп векторлы командада жұмыс істей алатын маманды даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

180

Берілетін академиялық дәреже

Доктор

Оқыту нәтижелері

ОН1 - Генетикалық ақпараттын механизмдеріне және генетикалық ұйымдасу ерекшелігіне байланысты, организмнің функциясының іске асырылуының тәуелді болуын талдау;

ОН2 - Генетикалық және гендік инженерия мәселелерін шешу бағытындағы генетикадағы кеңейтілген және жаңа әдістерді дамытудың негізгі тенденцияларын бағалау;

ОН 3 - Биология, медицина, биотехнология және экология саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жалпы және молекулалық генетикадағы кеңейтілген технологияларға негізделген ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;

ОН 4 - Жалпы және молекулалық генетика бойынша халықаралық, ұлттық, салалық және аймақтық бағдарламалар мен жобаларды өндеу, генетикалық аурулардың мониторингі және алдын-алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

ОН 5 - Жоғары сараптамалық және клиникалық-диагностикалық сенімділікке негізделген молекулалық-генетикалық зерттеулердің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу;

ОН 6 - Ғылыми мәселенің қарапайым гипотезасын құрастыру үшін генетикалық зерттеулердің нәтижелерін талдап түсіндіру;

ОН 7 - Пәнаралық зерттеулерді әзірлеу және іске асыру үшін генетиканың, молекулалық биология және гендік инженерияның   қазіргі заманғы теориялары мен әдіснамасының қағидаттарын тұжырымдау;

ОН 8 - Ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстарды адамдардың өзара қатнасуына байланысты этикалық және заңды нормалар негізінде және жануарларға қатысты биоэтика негіздеріне сүйеніп орындау;

ОН 9 - Ғылыми-зерттеу жобалар мен диссертациялық жұмыстарды іске асыру барысында алынған молекулалақ-генетикалық нәтижелерді   оқу үрдісіне және өндірістік практикасына енгізу;

ОН 10 - Биологиялық, медициналық, аграрлық салалық орталықтар мен зертханаларда селекциялық-генетикалық және гендік инженериялық іс-әрекеттерді модернизациялау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

ОН 11 - Күндізгі, дуальды, дистанциялық және инклюзивті оқытуды шешу үшін студенттік-бағдарланған тәсілдерді негізге ала отырып оқытудың   интерактивтік әдістері, формалары,     цифрлік технологиялардың көмегімен   пәндердің оқу-әдістемелік кешендері мен оқытудың теориялық және қолданбалы курстарын әзірлеу;

ОН 12 - Халықаралық кооперация, пәнаралық және бизнес-инкубациялау жағдайларында   пилоттық алгоритмдер және ұзақ генетикалық зерттеулер негізінде қазіргі заманғы генетикалық ғылымдар саласындағы өз кәсіби қабілеттіктерін қолдануды табу; ғылым мен қоғамды дамытуға жәрдемдесу.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/doctorate/speciality/1510