8D05109 – Нейроғылым

Білім беру бағдарламасының атауы

8D05109 – Нейроғылым

 

Білім саласы

8D05 Жаралыстану ғылымдары, математика және статистика

 

Дайындық бағыты

8D051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

 

Білім беру бағдарламаларының тобы

D080 Биология

 

БББ мақсаты

Пәнаралық бағыттың заманауи әдіснамасына негізделген ғылым, экономика, денсаулық сақтау, ұлттық қауіпсіздік және білім беру салаларындағы нейротехнологияның өңделуі мен қауіпсіздігі, интегративті нейроғылымның ғылыми-зерттеу, практикалық, сараптамалық-аналитикалық әрекеттері жүзеге асатын жаһандық еңбек нарығының талаптарына жауап беретін; әлемдік нейроғылымның дамуына үлкен үлес қосатын, халықаралық ғылыми қауымдастыққа енетін, қоғамның технологиялық прогресі мен әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал ететін ғылыми зерттеулер үшін моральдық-этикалық жауапкершілікті көтеретін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға қабілетті, әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие, нейроғылым саласындағы халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау.

Оқыту тілі

Ағылшын

 

Кредиттердің көлемі

180

Берілетін академиялық дәреже

Доктор

 

Оқытудың нәтижесі

ON1. Адами ресурстармен және тірі объектілермен ғылыми зерттеулер жүргізудің этикалық нормаларына сәйкес жаңа өзекті ғылыми зерттеулерді қалыптастыру мақсатында нейроғыдымдағы эксперименттің ғылыми тұжырымдамалары мен әдіснамаларын бағалау;

ON2. Жергілікті жағдайларда ғылыми әдістерді өздерінің ғылыми жобаларына енгізу және бейімдеу мақсатында нейроғылым саласындағы әлемдік ғылыми жобалардың тәжірибесін жалпылау;

ON3.    Халықаралық ғылыми нарықта грантқа өтінім беру арқылы халықаралық қорларды тарта отырып, өзіңіздің жеке ғылыми және ғылыми-тәжірибелік жобаларды жүзеге асыру;

ON4. Нейроғылымдағы ғылыми зерттеулердің әлеуметтік-экономикалық салдары мен нәтижелерін болжау және зерттеулер кезінде халықаралық этикалық нормаларды сақтау арқылы жауапты болу;

ON5. Зияткерлік меншікке авторлық құқықты алу мүмкіндігі бар патенттелген нейротехнологияларды жасау;

ON6. Адамдардың әлеуметтік өмірінің әртүрлі салаларында қолданылатын нейроғылым саласындағы инновациялық әзірлемелер мен технологиялардың негізділігі мен қауіпсіздігіне сараптама өткізу және ұйымдастыру;

ON7. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-экономикалық саладағы және мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы қолданбалы мәселелерді интегративті нейроғылым принциптері негізінде шешу;

ON8. Нейроғылымның заманауи жетістіктерін білім беру бағдарламаларына, интеграцияланған курстарға және білім беру технологияларына, соның ішінде сандық білім беру ресурстарына әртүрлі мақсатты топтар үшін оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында енгізу;

ON9. Өмірдің әртүрлі салаларында еңбек қызметін оңтайландыру мәселелерін шешуге бағытталған сенімді нейротехнологияларды дамыту;

ON10. Нейроғылым саласындағы ғылыми мақалаларды халықаралық стандарттарға сәйкес рецензиялау және жоғары рейтингілі ғылыми журналдар мен басылымдарда жариялау белсенділігін көрсету;

ON11. Нейроғылымындағы жетістіктерді алмасуды жүзеге асыру үшін халықаралық ғылыми қоғамдастықпен сындарлы байланыс орнату және қолдану;

ON12.   Нейроғылым саласындағы ғылыми идеялар мен жетістіктерді коммерциализациялау, экономика мен бизнестің әртүрлі салаларынан қызығушылық танытатын тұтынушыларды тарту.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/doctorate/speciality/2121

 

Академиялық қызмет

Шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру – PhD бағдарламасы докторанттарда халықаралық стандарттар деңгейінде кәсіби өзін-өзі сәйкестендіруді қалыптастыру мақсатында нейроғылым саласындағы кешенді білім беру әдіснамасын қолданады. «Нейроғылым» мамандығы бойынша PhD бағдарламасы University of Oxford, University of Cambridge, Harvard University, University of Florida, University of Cincinnaty университеттері сияқты нейроғылым саласының мамандарын даярлауға қойылатын талаптарға сәйкес жасалған. PhD даярлау бағдарламасы шеңберінде докторанттар халықаралық деңгейде нейроғылым саласындағы сараптамалық-зерттеушілік бағалау, ғылыми зерттеулерге сыни талдау сияқты кәсіби маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін оның ғылыми қызығушылығына сәйкес ғалым-практик моделінде оқытылатын болады.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары, (ғылыми жобалар):

- хронобиология;

- физиология;

- биофизика;

- когнитивтік нейроғылым;

- Иммундық онкогендер - қатерлі ісікке қарсы терапияның жаңа нысаны;

- адамның жүрек-қан тамырлары жүйесінің әлеуметтік-экологиялық және абиотикалық қоршаған орта факторларына бейімделуінің хронофизиологиялық механизмдерін зерттеу;

- гиперқозу кезінде ми нейрондарының спонтанды синхронды белсенділігін реттеу және ритмогенезі;

- биодизель отынын аса критикалық ортада өндірудің ағындық технологиясын жасау;

- Депрессиялық күйлердің психофизиологиялық маркерлері;

- Әртүрлі жастағы адамдардың бас миының дамуының ЭЭГ/МРТ көрсеткіштерін, эмоциялық-когнитивтік функцияларын және олардың генетикалық маркерлерін зерттеу.

Халықаралық қызмет

Докторанттардың University of Oxford, University of Cambridge, Harvard University, University of Florida, University of Cincinnaty, Oregon State University, Drexel University, Universidad de Granada, Universidad de Cadiz, The University of Sheffield, Seoul National University, «Сколково» инновациялық орталығы, Ломоносов ат. ММУ сияқты серіктес-университеттерден ғылыми тәжірибеден өтуге және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуына мүмкіндігі бар.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Бағдарлама түлектерін болашақ жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

1. Ғылыми институттар, орталықтар, лабораториялар: Ұлттық нейрохирургия орталығы (Нұр-Сұлтан), «Когнитивтік нейроғылым» орталығы (Алматы), Сколково ғылыми-техникалық институтының Нейронет лабораториясы (Сколтех) (Мәскеу);

2.         ЖОО: ҚБТУ, Назарбаев университеті, әл-Фараби ат. ҚазҰУ;

3.         ҚР әскери және қауіпсіздік құрылымдары: ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі;

4.         Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі салалары: ҰҚК;

5.         Медициналық мекемелер: «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты жанындағы МРТ орталығы, «Асыл Мирас» аутизм орталығы (Алматы), САТР орталығы (Алматы);

6.         «Human Resources» мемлекеттік және халықаралық ұйымдар: ҚазМунайГаз;

7.         Бизнес-ұйымдар: НейроШторм (Нұр-Сұлтан), Қазақстанның полиграфологтар қауымдастығы (Нұр-Сұлтан), Beeline (Алматы);

8.         Бизнес–қоғамдастық (бизнес ұйымдарда нейроғылым әдістерін, жарнама өнімдерін, нейромаркетингті және т.б. енгізу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру);

9.         Білім беру мекемелері: Alem_Genius (Алматы);

10.       Бұқаралық ақпарат құралдары: Аргументы и факты (Алматы).