8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

 

Білім беру бағдарламасының атауы

8d08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Білім саласы

8D084 – Балық шаруашылығы

Дайындық бағыты

8D08 – Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Білім беру бағдарламаларының тобы

8D084 – Балық шаруашылығы

БББ мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты балық шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби қызметі көлемінде ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, Педагогикалық қызметті өз бетінше орындауға қабілетті кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

Кредиттердің көлемі

180

Берілетін академиялық дәреже

«8D08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Оқытудың нәтижесі

ON1 Индустриалды балық өсіру жағдайында балықтардың түрлі түрлерін өсірудің технологиялық процестерін жетілдіріп оңтайландырады. Индустриялық типтегі шаруашылықтарда гидробионттарды өсіру кезіндегі экологиялық тәуекелдерді моделдей алады.

 

ON2 Технологиялық процестердің параметрлерін, балық аулау құралдарын және аквакультурада техникалық құралдарын өлшеудің қазіргі заманғы әдістері мен техникалық құралдарын қолдана алады. Балық аулау материалдарына, балық аулау құралдары мен технологиялық процестерге сараптама, стандартты және сертификаттық сынақ жүргізе алады;

 

ON3 Күрделі жүйелердің экологиялық модельдерін және экожүйелерді басқару және қызмет ету үрдісінің имитациялық модельдерін құру және пайдалану қағидаларын жетілдіреді. Биомониторинг әдістерін пайдалана отырып табиғи және антропогендік өзгермелі су экожүйелерін бағалайды.

 

ON4 Балықтардың таралу прициптерінің факторлары және суқоймалардың эволюциясы мен су ортасының қалыптасуы туралы білімді жүйелі және логикалық түрде балықтардың таралу принциптері мен ихтиокешендердің түзілуін түсіндіруде қолдана алады. Арнайы кешендерді құратын балықтардың спецификалық, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, оларды литоралдық, пелагикалық және абиссальдық ихтиокешендердің ерекшеліктерін түсіндіруде қолданады.

 

ON5 Заманауи құралдарды пайдаланып, ақпараттарды өңдеу тәсілдерін ихтиоценоздарды талдау мен мониторинг әдістерінде қолданады. Су ресурстарн басқару саласында, міндеттерді қоюда қажетті өзгерістерді анықтай алады. 

 

ON6 Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану мақсатында су ресурстарын басқарудың барлық деңгейінде шешім қабылдай алады. Мәселелердің болашақ аспектілерін ескеріп, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың салдарын болжай алады.

 

 

ON7 Бағалы объектілерді индустриалды өсіру, отырғызу мен қоректендіру нормасы, ТЖҚ технологиялық құрал-жабдықтары культивирлеу жағдайында тауарлық тұщы сулы және тұзды сулы аквакультурның объектілерін өсірудің технологиялық негіздерінің спецификасын жүйелі түрде түсіне алады.

 

ON8 Бағалы тауарлы балықты тоғандарда, бассейндерде және басқа балықшаруашылықтық ыдыстарда өсіргенде өсіру, көбейту және қоректендіру әдістерін жетілдіреді және оларды бейімдей алады.

 

ON9 ТЖҚ, ШӨК негізіндегі индустриалды технологияларды, тауарлық балық өнімін өсіру мен қоректендірудегі технологиялық тәсілдерді қолдана алады, бағалайды және жаңартады.

 

ON10 Балық аулау мен аквакультураның перспективті бағыттарын, өнеркәсіптік балық аулау мен балық аулауды реттеу принциптерін талдайды. Балық қорының жай-күйін бағалау және балық ресурстарының жұмыс істеуі үшін балықтардың жекелеген түрлерінің немесе балық қоғамдастықтарының түрлік құрамы мен биологиясының ерекшеліктері туралы білімді пайдаланады.

 

ON11 Математикалық талдаудың қазіргі заманғы әдістерін, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды зерделеу үшін қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолданады.

 

ON12 Индустриалды аквакультурада техникалық құралдарының параметрлерін өлшеудің заманауи әдістері мен техникалық құралдарын қолдана алады. Алынған зерттеу нәтижелерін талдауда және су қоймалар мен гидробионттарды қорғау үшін мәліметтерді түсіндіре алады. 

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/doctorate/speciality/1834

Академиялық қызмет

«8D08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасы бойынша «философия докторы (PhD)» біліктілігін алу үшін докторантқа қажет:

­        оқу жоспарына сәйкес теориялық пәндерді меңгеру (45 кредит);

­        докторанттың жеке жоспары бойынша шетелдік тағылымдамадан өту (8 кредит);

­        педагогикалық практикадан өту (10 кредит);

­        зерттеу практикасы (10 кредит);

­        Scopus журналдарында және БҒСБК журналдарында докторлық диссертация тақырыбы бойынша кемінде 3 жарияланым жасау (31 кредит);

­        халықаралық конференцияларда ғылыми жарияланымдар жазу және жариялау (17 кредит);

­        әрбір семестрде зерттеу тақырыбы бойынша бір рет ғылыми семинарлар өткізу, барлығы 6 рет (26 кредит);

­        диссертация жазу және қорғау (12 кредит).

Күндізгі оқытудың 3 жылдық кезеңінде докторант жалпы саны 180 кредитті игереді,оның ішінде 45 кредит теориялық оқуға, 28 кредит тағылымдама мен практикадан өтуге, 48 кредит – ғылыми мақалаларды жазуға және 57 кредит докторлық диссертацияны жазуға және қорғауға бөлінген.

Докторлық диссертациялар / жобалар қорғалғанға дейін «УНИВЕР» жүйесінде плагиаттың болуына міндетті тексеруден өтеді.

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін кафедрада келесі бағыттар бойынша ғылыми зертханалар бар:

* Жануарлар экологиясы;

* Жануарлар морфологиясы;

* Паразитология;

"Акваөсіру және балық аурулары" ғылыми-өндірістік орталығы;

Коллекциялық бөлме-омыртқасыздар мен омыртқалыларға арналған формалин бөлмесі, онда жануарлардың 500-ге жуық түрі жиналады.

Кафедрада сонымен қатар ғылыми-мектеп семинарлары жұмыс істейді, онда магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелері туралы баяндайды.

"Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" мамандығы бойынша магистранттар мен докторанттар жыл сайын шетелдік ғылыми тағылымдамаға шығады.

Халықаралық қызмет

«8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының докторантура бағдарламасы бойынша кафедраның серіктестері академиялық ұтқырлық және ынтымақтастық бойынша келісім-шарттарға қол қойылған шетелдік жоғары оқу орындары мен институттар болып табылады: РҒА цитология институты, жасушалық патология зертханасы (Ресей), фармакологиялық зерттеулер зертханасы.

«8D08401-балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» ББ магистранттары үшін халықаралық академиялық ұтқырлық орталықтары: Густав Русси институты (Франция), Ұлы Витаутас университеті (Каунас, Литва), Томск мемлекеттік университеті (Томск, Ресей), Новосибирск университеті (Новосибирск, Ресей), М. В. Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу, Ресей), Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Санкт-Петербург, Ресей), М.В. Ломоносов ат. ММУ зоологиялық мұражайы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.), РҒА Жануарлар экологиясы институты (Ресей Федерациясы, Новосибирск қ.), Алтай мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы, Барнаул қ.), University of Іllinois Department of bioengineering Chicago, United States, University of ottawa department of Ottawa, Ontario, Canada, Halle, Germeny, Жануарлар эволюциясы зертханасы, МакГилл университеті, Монреаль, Канада, hospsteiner, S. S. Steiner, Inc.1WestWashingtonAveYakima, WA 98903, USA. Шарттардың қолданылу мерзімі 2022 жылға дейін.

Кафедраның ҚР БҒМ Зоология базасында өз филиалы бар.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

2020 жылы білім беру бағдарламасы KazSEE республикалық аккредитациясын 3 жылға: 2020 жылдан 2023 жылға дейін сәтті өтті

Жұмыс берушілер – ББ тұтынушылары:

«8D080401 – балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламаларының негізгі тұтынушылары ауыл шаруашылығы және биологиялық бейіндегі өз білім беру және ғылыми біліктілігін арттыруды жоспарлап отырған студент-түлектер болып табылады. «8D080401 – балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасының түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мен тұтынушылар: Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты; Қазақ Қолданбалы Экология Агенттігі, ҚР БҒМ Зоология институты; Гидробиология институты, ҚР жұмыс істеп тұрған барлық өндірістік балық өсіру шаруашылықтары болып табылады.

Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады:

1. Ғылым;

2. Білім;

3. Ауыл шаруашылығы;

5. Балық шаруашылығы;

4. Экология және қоршаған ортаны қорғау.