«Тұлғаны тану – елді тану»
30.10.2023Биылғы оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң құрылғанына 90 жыл толады. Механика-математика факультеті математика кафедрасы айтулы мерейтойға арнап тарихи танымдық кездесулер ұйымдастыруды қолға алды. Соның алғашқысы «Тұлғаны тану – елді тану» деген айдармен 28.10.23 күні (сенбі) сағат 13:00-де Қызыл залда өтті.






