2-курс магистранты Хасен Мұхамади Қожанбердіұлы “Ең креативті мұғалім” номинациясын алды

28.05.2023

Көрулер: 590

7М05402 - Математика білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Хасен Мұхамади Қожанбердіұлы Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы ұйымдастырған #ҚАЗАҚСТАНМҰҒАЛІМДЕРІ байқауында жеңімпаз атанып, “Ең креативті мұғалім” номинациясын алды. Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтің алғыс хатымен марапатталып бағалы сыйлыққа ие болды. TikTok желісі арқылы математикалық есептердің мазмұнын актуалды жаңалықтармен байланыстырып, көрермен назарын өзіне аударған магистрантымыз жас талапкерлердің математикалық білімін нығайтуға үлкен үлесін қосуда.

Магистрантымызды жетістігімен құттықтаймыз!