Жолдасов Қуаныш халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

28.05.2023

Көрулер: 653

6В05402 – Математика білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Жолдасов Қуаныш Қызылорда қаласында өткен А.Жұмаділдаев атындағы жас математиктер арасындағы халықаралық олимпиадада 1 орынға ие болды.
Байқауға 1700-ге жуық өтінім беріліп, еліміздің барлық облыстарынан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден қатысушылар тіркелген. Іріктеу қорытындысы бойынша 100 қатысушы финалдық кезеңге өтті. Дәстүрлі байқау 2014 жылдан бері Қызылорда қаласының жас математиктері арасында өткізіліп келеді.

Студентімізді жетістігімен құттықтаймыз!