6В05402 - Математика білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Байчапанова Роза Еркінқызының стартап командасы OQU - платформасын ойлап тапты

28-мам-23

Көрулер: 528

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері университет қабырғасында алған шығармашылық әлеуеті мен білімін пайдалана отырып, батыл жобаларға бастамашылық жасап, жүзеге асыруда. Механика-математика факультетінің 4 курс студенті Роза Байчапанованың стартап командасы - OQU-платформасы - репетиторлар мен клиенттерге Интернетте бір-бірін табуға және оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі. Жоба идеясы Роза Байчапановаға бірінші курста математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастағанда келді.