Математика кафедрасының меңгерушісі, проф. м.а. Х.Хомпыш Овьедо университетіне ғылыми іссапармен болды

15.08.2023

Көрулер: 438

Математика кафедрасының меңгерушісі, проф. м.а., жоба жетекшісі Х.Хомпыш 25 маусым 2023ж - 4 шілде 2023 ж аралығында Испанияның Овьедо қаласына, Овьедо университетіне ғылыми іссапармен болды. Іссапар барысында AP09057950-«Ньютондық емес тұтқыр-серпімді сығылмайтын Келвин-Фойгт сұйықтығының сызықты және сызықты емес теңдеулері үшін кері есептер» гранттық жобасы аясында жасалынған нәтижелері баяндалып апробациядан өтілді. Сонымен қатар белгілі математик ғалым, профессор С. Шмаревпен бірге «Айнымалы көрсеткішті псевдопараболалық теңдеулер үшін бастапқы шеттік есептер» тақырыбында ғылыми зерттеулер жұмысы жасалынды.