Кураторлық сағат

25.12.2020 күні Математика 2019-2 топ студенттерімен «Желтоқсан желі» атты ашық тәрбие сағаты өтілді. Студенттер керемет видео жасап, көрсетті. Қонақта Математика кафедрасының оқытушылары:Нугыманова Нурсауле, Қонысбаева Құралай, Қасинов Абзал және Аузерхан Гаухар  қатысты. Куратор-эдвайзер  Ашурова Г.

2.10.2020 күні Математика 2019-2 топ студенттері арасында « Өссе тілім – мен де бірге өсемін» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақал айтудан жарысып,  бірінші орынға кішігірім сыйлық берілді. Куратор-эдвайзер  Ашурова Г. 
Математика мамандығының 1 курс ММ-20-1А, ММ-20-1Б, ММ-20-2А, ММ-20-3 топтарының студенттерімен бірге 26.12.2018 ж. күні екінші аралық бақылау қорытындысы талқыланды, «Денсаулық – өмір негізі» атты пікір талас өткізілді, емтихан тапсыру ережелерімен таныстырылды. Куратор-эдвайзер: Мирзакулова А.Е. 
Математика мамандығының 1 курс ММ-20-1А, ММ-20-1Б, ММ-20-2А, ММ-20-3 топтарының студенттерімен 10.11.2020 ж. күні «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Куратор-эдвайзер: Мирзакулова А.Е. 
22.09.2020 ж. күні ҚазҰУ-нің Математика мамандығының 1 курс  ММ-20-1А, ММ-20-1Б, ММ-20-2А, ММ-20-3 студенттері студенттің ар-намыс кодексімен, ҚазҰУ-дың тұрып-жүру, жатақханада тұру ережелерімен таныстырылды.  Қала күні байланысымен «Алматы - менің сүйікті қалам» атты кураторлық сағат өткізілді. Куратор-эдвайзер: Мирзакулова А.Е.
Математика мамандығының 3 курс ММ 18-04 тобымен «Тәуелсіздік елдігімнің тірегі» атты кураторлық сағат өткізілді. Студенттер тәуелсіздік елдің ұрпақтары екендіктерін мақтан тұтатындықтарын айтып өтті. Куратор-эдвайзер: Айтжанов С.Е.
Математика мамандығының 3 курс ММ 18-04 тобымен қала күніне байланысты «Алматы менің әсем қалам» атты кураторлық сағат өткізілді. Куратор-эдвайзер: Айтжанов С.Е.
 Математика мамандығының 2 курс ММ-19-8 тобында 21.12.20 күні «Адал сессия» тақырыбы аясында кураторлық сағат өтті. Куратор-эдвайзер Қ.Б. Иманбердиев

 

Математика мамандығының 3 курс 18-5,6 топтарымен желтоқсан айында «Қазақстан –тәуелсіз ел»  атты кураторлық еркін сағат өткізілді.  Куратор-эдвайзер: Конисбаева К.Т.

Математика мамандығының 3 курс 18-5,6 топтарымен қаңтар айында сессия нәтижесі талқыланды. Техникалық себептерге байланысты, апеллияцияға берілген өтініштер кафедраға өткізілді. Барлығына жауап берілді. Талдау нәтижесінде 3 курс студенттері  күзгі сессияны жақсы тапсырып шықты. Қарыздары жоқ. Акт алған студенттер жоқ. Куратор-эдвайзер: Конисбаева К.Т.

Математика мамандығының 3 курс 18-5,6 топтарымен қараша айында «Имандылық-ізгілік негізі» атты ашық кураторлық сағаты өткізілді. COVID-19 сақтану шаралары талқыланды. Куратор-эдвайзер: Конисбаева К.Т.

Математика мамандығының 3 курс 18-5,6 топтарымен қазан айында бірінші аралық бақылауға дайындық өтті. Студенттердің үлгерімдерін талқылап, бағыт бағдар берілді. Әр-түрлі сұрақтарына жауап берілді. Куратор-эдвайзер: Конисбаева К.Т.

Математика мамандығының 3 курс 18-5,6 топтарымен қыркүйек айындағы  кураторлық сағат ZOOM бойынша онлайн түрде өткізілді. Студенттерді жаңа оқу жылындағы жоспарлармен таныстырдым, Қашықтан оқу жүйесімен студенттерді таныстырдым,  оларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің академиялық саясатын, индикативті оқу жоспарын түсіндірдім. Кітапханаға виртуалды саяхат жасалды. Электронды кітап қолдану барысы түсіндірілді. Куратор-эдвайзер: Конисбаева К.Т.

2021 жылы қаңтар айында Математика 2019-1,5 топ студенттерімен зум арқылы жазғы семестрге қалған студенттермен кездестік. Сабақ үлгерімі нашар, сессия кезінде емтихан ережелерін  бұзған студенттермен кездесу ұйымдастырылып, талқыланды. Куратор-эдвайзер: Нугыманова Н.К.

23 қыркүйек 2020 ж. Математика 2019-1,5 топ студенттерімен қазіргі бүкіл әлемге кеңінен тараған вирус жайында «Covid-2019» атты тәрбие сағат өтізілді. Студенттер жұқпалы аурудан қалай қорғану және сақтық шараларын сақтау жөнінде өз пікірлерін айтты. Бұл тәрбие сағатқа оқытушылар қатысты: Конисбаева Куралай, Ашурова Гузел. Куратор-эдвайзер: Нугыманова Н.К.

Қысқы емтихан алдында математика 2017-1 топ, 2019- о/б студенттерімен 2021 жылы 4 қаңтарда кездесіп, GPAсы аз, жазғы семестрге қалып қойған студенттер жайында сөз қозғалдыЕмтиханға дайындық жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Куратор-эдвайзер Жомартқызы Р.

17.12.2020 күні тәуелсіздік мерекесіне орай математика 2017-1 топ, 2019- о/б топ студенттерімен «Тәуелсіздік күні» атты тәрбие сағаты өтізілді. Куратор-эдвайзер Жомартқызы Р.
 17 қараша 2020 ж. күні математика 2017-1 топ, 2019- о/б  топтарының қатысуымен «Қашықтықтан оқытудың тиімді жақтары» тақырыбында тәрбие сағаты өтізілді. Студенттер өз пікірлерін айтты. Бұл тәрбие сағатқа сырттан оқытушылар қатысты: Рақымжанқызы Ф., Аузерхан Г. Куратор-эдвайзер Жомартқызы Р.

 

 

20.10.2020 күні математика 2017-1 топ, 2019- о/б студенттері арасында « Кім жүйрік» атты ойын өтізілді. Студенттер zoom платформасында екі топқа бөлініп, жарыс ұйымдастырылды. Куратор-эдвайзер Жомартқызы Р.

 28.04.2021 күні Математика мамандығының 3 курс студенттерімен 1 мамыр Қазақстан халықының бірлік күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан» атты ашық-тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу болды. Тәрбие сағатына кафедра меңгерушісі, доцент Хомпыш Х., педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доцент м.а. Сембаева А.М. қатысты. Ұйымдастырушылар: Математика кафедрасының оқытушысы, докторант Шакир А. және оқытушы, 3 курс студенттерінің куратор-эдвайзері, докторант Конисбаева К.Т

02.03.2021 күні Математика мамандығының 3 курс студенттерімен академик У.А.Жолдасбековтің 90-жылдығына орай «академик У.А.Жолдасбековтің өмірі жайлы» атты ашық кураторлық сағаты өткізілді. Ашық сабақ барысында студенттер У.А.Жолдасбековтің өмірбаяныны жайлы мәліметтерімен бөлісті. Механика-математика факультетінің басшылығымен жасалған видеороликті тамашалады. Алған әсерлерімен бөлісті. Куратор-эдвайзер К.Т.Конисбаева

 

 

 

2021 жылы сәуір айының 26 жұлдызында Механика-математика факультетінің Математика кафедрасында математика мамандығының 1 курс қазақ тобы студенттерімен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтамағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Негізгі мақсаты: ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат ретінде патриоттық сезімді нығайту; студенттердің бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбие сағаты барысында танымды презентация мен бейнебаян тамашалады. Сергіту сәтінде тарихқа қызығушылық арттыратын ойын ойнап, шетелдік Түркменстан студенттері құттықтау тілектерін білдірді. 


17 қараша 2020 ж. күні математика 2017-1 топ, 2019- о/б  топтарының қатысуымен «Қашықтықтан оқытудың тиімді жақтары» тақырыбында тәрбие сағаты өтізілді. Студенттер өз пікірлерін айтты. Бұл тәрбие сағатқа сырттан оқытушылар қатысты: Рақымжанқызы Ф., Аузерхан Г.