“АУДАРМАШЫ - МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ”

30.10.2021

Көрулер: 1884

2021 жылы 30 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және “TARZHIMAN club” жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Халықаралық аудармашылар күніне арналған “АУДАРМАШЫ - МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ” атты кеш өтті. Кеш қонағы - Түсіпова Гүлшат Бақытжанқызы, филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы, ҚазҰУ түлегі, Ұлыбританиядағы Абердин университетінің докторанты. Гүлшат ханым болашақ аудармашылармен аударма өнері жөнінде үш тілде әңгіме жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Клуб төрайымы Құрманбек Ақниет клуб туралы мәлімет айтып, презентация жасады.

Кешті «Аударма ісі» бөлімінің 2 курс студенттері Өмірбек Қуантай пен Басымбек Жанерке жүргізді. Бұл шарада студенттер өздерінің ағылшын және орыс тілінде аударған аудармаларын оқыды. Клуб мүшелері бірінші курс студенттерін арнайы құттықтады. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұстаздары қатысты. “TARZHIMAN club” клубының ғылыми жетекшісі, аударматанушы ұстаз Ләйла Жұматайқызы Мұсалы студенттерді кәсіби мерекемен құттықтап, кешті қорытты.