Академиялық мобильділік және сынақ мерзімін өткізу

Академиялық мобильділік 


 

 

 

 

 

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
 

  Сагимбаева Нурсулу

"Аударма ісі"  мамандығының 2-курс студенті

 

Варшава - шетелдіктердің көптігі  үйреншікті жағдайға арналған қала,
 сондықтан маған бейімделу қиын болған жоқ. Сонымен қатар, 
поляк тілі орыс тіліне біршама ұқсас. Мен білім беру сапасын, 
студенттерге деген мейірімді және ұқыптылықты, қаладағы бағаларды 
және олармен танысқан адамдардың барлығын қатты бағалаймын.
 
 

Арыстанбек Жанерке

«6М020700-Аударма ісі»

мамандығының 2-курс магистранты

Менің Эрасмус+ бағдарламасы бойынша тәжірибем

Адам не ойласа, сол болады. Әр жылдың соңында мен келесі жылға арнап жоспарлар мен мақсаттар қоямын. Бұған дейін АҚШ елінде болып, енді келесі мақсатым  Еуропа болатын. Көп ұзамай студенттер алмасу бағдарламасының үміткері болғанымды білдім және Венецияның жүрегінде 1868 жылы құрылған Ка Фоскари атты Италияның жетекші ЖОО-нда оқуға мүмкіндік алдым.

Венецияға ұшып келген алғашқы сәттен басқа әлемге түскендей болдым: көлік жолдары мен машиналар каналдар мен қайықтарға алмасты, үйлер мен ғимараттар сарайлар мен палаццоларға айналды, ал кең көшелер тарылып, ұсақ көшелерге ауысты. Бірақ, осы өзгерістерге қарамастан, қалаға тез үйренесің. Қала туралы, оның ерекше архитектурасы мен қайталанбас атмосферасы туралы шексіз жаза беруге болады, бірақ мен өзім білім алған университетке жеке тоқталғым келеді.

Ка Фоскари – әлемнің барлық студенттері оқитын алдыңғы қатарлы білім беру орталығы. Оқуға қойылатын жоғары талаптарға қарамастан, университет ұжымы өз студенттерінің әлеуметтік-мәдени дамуына да ерекше көңіл бөледі. Университет шетелдік студенттерге арнайы бағдарламалар ұсынады, Падуя, Верона, Тревизо және т.б. жақын қалаларға турлар жасайды, сондай-ақ, әр демалыс күндері итальяндықтардың тарихы мен мәдениетімен жақынырақ танысу үшін әр түрлі тақырыптық кештер өткізеді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар студенттердің де ұлттық-мәдени құндылықтарын қолдайды. Мысалы, оқу басталмаған алғашқы күндері университет әкімшілігі шетелдік студенттер үшін Welcome Day ұйымдастырып, олардың сүйікті отандық әндерін таңдауын сұрады. Ең бастысы, білім беру жүйесіне тоқталсақ, ол барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Бұл пікірімді Ка Фоскари әлемнің үздік университеттерінің тізімінде тұрған әлемдік рейтингтер дәлелдейді. Білім беру жүйесі бізден көп ерекшеленеді, дегенмен бізге өте қолайлы болды. Сіз үйренгіңіз келетін пәндерді және оқытушыны өзіңіз таңдайсыз. Сондай-ақ, университет кітапханасын бөлек атап өткім келеді, оның кітап сөрелерінде миллионнан астам кітап жинақталған.

Соңында біздің университетке осындай мүмкіндік үшін алғыс айтқым келеді. Венецияда оқыған жарты жыл ішінде мен өмір бойы мол тәжірибе мен керемет әсер алдым.

 
 Аударма ісі мамандығының 3-ші курс студенті Төлеубаева Айым:-Аль-Фараби атындағы Ұлттық университетте екінші оқу жылы мен үшін арман болды. Бір семестрді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Испанияның ең танымал жоғары оқу орындарының бірі - Кадис университетінде өткізуім сәттілік болды. Бұл уақыт жаңа ақпараттарға, білімге, таныстарға толы болды және әрдайым осындай әсем және ерекше жердің тілі мен мәдениетін үйренуге деген құлшынысты тоқтатпады. Осы алған тәжірибе мен үшін өте құнды болды, өйткені мен Испанияны өз бетіммен танып, жергілікті адамдармен сөйлесуге, әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен танысуға, өз ісінің мамандарынан сабақ алуға, күн мен мұхитпен тамсануға мүмкіндік берілді. Кадисте оқу менің ой-өрісімді кеңейтті және мені көптеген қырларынан тәрбиеледі. Ең бастысы, маған осы керемет тілді әрі қарай үйренуге деген құштарлығымды оятты.
 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4 курс студенттері Тулегенова Жания мен Мамбетова Шынар Испанияның Кадис университетінде бір семестр оқып келді (13.02.18-08.07.18). «Аталған оқу орнында білім алу барысында біз құнды тәжірибе мен көптеген жағымды әсерлер алдық. Сондай-ақ, біз Испан елінің мәдениетімен, еуропалық білім беру жүйесімен жақынырақ таныстық. Жинаған тәжірибеміз алдағы уақытта өмірімізге пайдасын тигізеді деген сенімдеміз. Біздің сапарымыз бойынша теріс пікір айту өте қиын. Испан елінде білім алған уақытта алған әсерлеріміз естен кетпестей өте ерекше болды.

   

 

 

 

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Кафедра шетелдік университеттермен тығыз қарым-қатынаста:

  • Утрехт университеті (Нидерландтар мемлекеті)

  • Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

  • Нитрадағы Константин Пәлсапашы Университеті (Словакия)

  • Ноттингем университетінің Малайзия еліндегі филиалы

  • Тілдер бойынша Біріккен Ұлттық Комитет (АҚШ, Вашингтон)

  • Мэриленд университеті (АҚШ, Вашингтон)