Оқу-әдістемелік қызмет

 

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары 
1) мамандық бойынша білім мазмұнының өмірлік қажеттілігін күшейту;      2) кәсіби қызметтің өмірлік дағдыларына үйрету; 3) жалпылама пәндік біліктерді қалыптастыру; 4) негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру;

5) оқу үдерісін ұйымдастырудың 

 құзыреттілік-модульдік технологиясынжүзеген асыруды қамтамасызететін жаңа

оқу-әдістемелік материалдарды жасау және білім беруүдерісіне енгізу

6) жаңа буынның оқу, оқу-әдістемелік құралдарын жасау;  7) электронды білім беру ресурстарын жасау
 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы 2019 жылы 25 қараша «Филология, лингводидактика және аударматану: өзекті мәселелері мен даму тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференция ұйымдастырады.

Қазақстан, алыс және жақын шет елдердің жоғары, орта оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, ҚР мектеп мұғалімдері конференция жұмысына қатысуға шақырылады

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  • ·      Тілдік емес ЖОО-дағы шет тілдерін оқыту мәселелері
  • ·      Болашақ мұғалімдер мен аудармашыларды кәсіби даярлаудың теориясы мен әдістемесі
  • ·      Орта мектеп пен ЖОО-да шет тілдерін оқытудың заманауи технологиялары
  • ·      Орта мектеп пен ЖОО-да шет тілін оқытудың заманауи технологиялары
  • ·      Тіл білімі мен аударманың жалпы теориялық және жеке мәселелері
  • ·      Әлемнің тілдік бейнесі және мәдениеттердің өзара байланысы
  • ·      Аударманың лингвистикалық аспектілері