ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

04.05.2022

Көрулер: 1133

2022 жылдың 4 мамырында молекулярлық биология және генетика кафедрасының оқытушысы – биология ғылымдарының докторы, профессор Колумбаева Сәуле Жанабаевна «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Профессор С.Ж.Колумбаева отандық және шетелдік басылымдарда 200-ден астам ғылыми мақалалар жариялады, оның ішінде Scopus және Web of Knowledge деректер базасында 17 жарияланымы бар. Сонымен қатар, ол 3 патенттің, 8 қорғау құжатының, 2 монографияның және 10 оқу құралының авторы. Хирш индексі – 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырудың 6 ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі, 6 ғылыми жобаның орындаушысы.

Колумбаева С.Ж. келесі құрметті атақтар мен марапаттардың иегері: «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы. 2008», әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің (75 жылдығына арналған) төс белгісі (2009 ж.). «Жоғары оқу орнының 2011 жылғы үздік оқытушысы» грантының иегері, ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқандар ғалым ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стипендиясының иегері. (2017).

Колумбаева С.Ж. «ҚазҰУ хабаршысы» журналының бас редакторының орынбасары болып табылады. 2012 жылдан 2019 жылға дейін. БҰҰДБ Жаһандық экологиялық қоры Шағын гранттар бағдарламасының Ұлттық үйлестіру комитетінің мүшесі болды.