«Өмір сүру үшін өзгере білу керек»

19.02.2021

Көрулер: 2091

2021 жылы ақпан айының 19 күні Молекулалық биология және генетика кафедрасының «Биотехнология» мамандығының 3 курс 18-39, 18-40, 18-41 топ студенттерімен «Өмір сүру үшін өзгере білу керек» тақырыбында факультет деңгейінде ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты MC Teams каналында ашық форматта, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» толу мерекесіне орай, студенттерге патриоттық тәрбие беру мақсатында жүргізілді. Іс-шараға 3 курс студенттерінен басқа молекулалық биология және генетика және биотехнология кафедраларының оқытушылары, сонымен қатар 2 курс студенттері де қатысты.

Студенттер ұл­ты­мыздың жандану сипа­тын­да­ғы жаңғыруын, жаңа заман та­лап­тарына сай даму даңғылына тү­суін қалайтынын, ұлт руханиятын жаңғыртуға өз үлес­терін қосуды қазірден бастап қолға алғандарын, өзгерістерді тек Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасайтынын және болашақта Қазақстанды дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алуына үлес қосатындарын айтып, өз жоспарларын ортаға салды. Тобымыздың озат студенттерінің бірі- Ысқақов Мағжан өзі шығарған өлеңімен кешімізді әрлендіріп жіберді.

https://drive.google.com/file/d/1QlNNHmr4VC00u2ox5nFnXc5WKUdlCjAW/view?usp=sharing