"Tarzhimanclub" клубының жас аудармашыларының кездесуі

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы "Tarzhimanclub" жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен 2020 жылы 15 желтоқсанда аударма кеші өтті.

 

Кешке "Аударма ісі" бөлімінің 1-4 курс студенттері, эдвайзерлер Адилия Әлімбаева, Рауана Төреханова, клуб жетекшісі Ләйла Мұсалы қатысты. 2020 жылдың қорытындысы ретінде өткен бұл кеште осы оқу жылында өткізген іс-шаралардың есебі берілді. Клуб төрайымы, 4 курс студенті Қайыржанова Данаға өз міндетін жақсы атқарғаны үшін кафедра тарапынан алғыс хат тапсырылды.  "Аударма ісі" бөлімінің 4 курс студенттері 1 курс студенттеріне кеңес-тілектерін бейнекөрініс арқылы жолдады.

 

Клубтың жаңа төрайымы болып "Аударма ісі" бөлімінің 2 курс студенті Ақниет тағайындалды. Өз кезегінде Ақниет болашаққа жоспары көп екенін айтты.  Болашақ аудармашылар бас қосқан бұл шараны ұстаздар қорытындылап, аударманың қызық та қиын еңбек екенін айтып,  жастарға табыс тіледі.

 

Басылым күні :  22.12.2020