Біз Тәжікстаннан 2018 жылдың жазында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не үкіметаралық білім гранты бойынша оқуға келдік.

21.04.2020

Көрулер: 2224

Біз Тәжікстаннан 2018 жылдың жазында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не үкіметаралық білім гранты бойынша оқуға келдік. Заң факультетінде екінші жыл оқи отырып, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары мен басшылығына үлкен алғыс білдіргіміз келеді. Бізге шетел азаматтары ретінде көп көңіл бөлінеді және оқыту үдерісінде көмек көрсетіледі. Бізді басқа студенттермен қатар қоғамдық өмірге белсене қатысуға тартады. Біз заң ғылымдарының докторы Жатканбаева А.Е. мен заң ғылымдарының кандидаты Айдарханова К.Н. басқаратын заң клиникасының жұмысына белсенді қатысамыз. Заң клиникасының мүшесі ретінде, біз аз қамтылған адамдар мен зейнеткерлердің құқықтық жағдайларын шешуге көмектесіп, нақты заңгерлер ретінде жұмыс істейміз. Заң клиникасы – бұл өзі теориялық біліміңді тәжірибеде тексеру мүмкіндігі. Практикалық құқықтық жағдайларды қарастыру кезінде біз білімдерімізде қандай олқылықтар бар екенін көріп отырмыз және бұл бізді құқықты зерттеуге ынталандырады.

 

Шерамардов К., Шоев Я.,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің

211 топ студенттері