Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – арман университеті!

18.04.2020

Көрулер: 2716

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – арман университеті!

Бала кезімізде біз кім болғымыз келетіні туралы жиі сұрайтын. Мен заңгер болғым келді, бірақ 11-сыныпта нақты мамандықты таңдау уақыты келгенде, мен заңгер болуды армандағанымды түсіндім. Міне, мен "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқимын. Мен осы жоғары оқу орнын және осы мамандықты таңдадым, себебі мен дәл осы жерде лайықты білім аламын деп сенемін!

Университет аумағында тамаша кітапхана бар, соның арқасында біз жетекші ғылыми басылымдардың деректер қорына, сондай-ақ жаңа оқулықтарға еркін түрде қол жеткіземіз.

Университет қабырғасында, "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасынының профессор-оқытушылар құрамы кез-келген жағдайда сені қолдайтын, ақпаратты өте сауатты жеткізетін, қызықты сабақтар өткізіп, әр түрлі іс-шараларға қатысуға қызығушылық таныта алатын өте мықты оқытушылардан тұрады. Біз осы 4 жыл ішінде ұстаздарымыздың арқасында өз университетіміздің қабырғасында көп нәрсені үйрендік!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – басқа қалалар мен елдердің студенттері үйіне барып, туыстарымен және достарымен жақсы әсермен бөлісе алатын жаңа жылдық демалыс сыйлайтын бірнеше университеттің бірі. ҚазҰУ-дың жетістіктері туралы ұзақ айтуға болады. Біздің университет керемет мотиватор болып табылады, өйткені ол өз армандарың үшін әрекет етуге және күресуге итермелейді. Басында үйден кету маған қиын болады деп ойладым, бірақ біздің университетте өте жылы және қонақжай атмосфера бар. Бүгінгі күні короновирустың пандемиясына байланысты осы бүкіл әлем үшін тынымсыз күндерде әр эдвайзер, университеттің әр кафедрасы өзінің барлық студенттеріне қамқорлық көрсетуде. Бакалавриатта оқуды аяқтай отырып, мен осы университетті таңдағаныма еш өкінбеймін.

 


Назаров Орзуджон

"Кеден, қаржы және экологиялық құқық"

мамандығының 4 курс студенті